«Теңдессіз Фокс мырза» () — Роальд Дальдың кітабының желісі бойынша түсірілген Уэс Андерсонның қуыршақ мультфильмі. Уэс Андерсонның ең алғашқы туындысы. 2009 жылы күзде жарыққа шықты. Кассалық табысы ең жоғары қуыршақ мультфильмдер ішінде 15 орын алады. Басты кейіпкерлерді Джордж Клуни, Мерил Стрип, Джейсон Шварцман, Билл Мюррей және Уиллем Дефо дыбыстады.
Рөлдерде Джордж КлуниMTV Movies Blog — Wes Anderson Enlists Bill Murray For ‘The Fantastic Mr. Fox’ — Фокс мырза Мерил СтрипMeryl Streep voicing a role in Wes Anderson’s «Fantastic mr. Fox» — Фокс ханым (Бұл рөлді алғашында Кейт Бланшетт дыбыстауы қажет еді, бірақ кейіннен белгісіз себептермен жобадан кеттіEXCL: 1st Mr. Fox pic! ) Джейсон Шварцман — Эш Фокс Билл МюррейComingSoon.net Talking to City of Ember Mayor Bill Murray — Борсық мырза Уиллем Дефо — Егеуқұйрық Оуэн Уилсон — бапкер Скип Уолли Володарски — Кайли Свен Опоссум Эрик Чейз Андерсон — Кристофферсон Сильверфокс Майкл Гэмбон — Франклин Бин Джарвис Кокер — Пити Уэс Андерсон — Стэн Саршұнақ Карен Даффи — Кәмшат Линда Робин Харлстоун — Уолтер Боггис Хьюго Гиннесс — Натан Банс Хелен Маккрори — Бин ханым Гарт Дженнингс — Бинның ұлы Брайан Кокс — Дэниел Пибоди, репортёр Action 12 Тристан Оливер — жарғыш Стивен Рэйлс — Құндыз мырза Джереми Доусон — Құндыз мырзаның ұлы Эдриен Броуди — дала тышқаны Рикити Роман Коппола — құрылысшы Тиін
Музыка Мультфильмнің музыкасын француздық кинокомпозитор Александр Деспла жазды. Онымен қоса мультфильмнің саундтрегі ретінде Джарвис Кокердің әндері және The Beach Boys, The Bobby Fuller Four, Burl Ives, Georges Delerue, The Rolling Stones музыкалық топтарының әндері қолданылды. 2009 жылы қарашада «Теңдессіз Фокс мырзаның» саундтрегі жинақталған альбом жарық көрді. Марапаттары 2010 — «Оскар» сыйлығының екі номинациясы: жылдың үздік анимациялық фильмі (Уэс Андерсон) және үздік оригинал музыка (Александр Деспла) 2010 — «Сатурн» сыйлығына номинация: үздік анимациялық фильм. 2010 — Британ киноакадемиясы сыйлығына екі номинация: үздік анимациялық фильм (Уэс Андерсон) және үздік музыка (Александр Деспла) 2010 — «Алтын глобус» сыйлығына номинация: үздік анимациялық фильм. 2009 — АҚШ киносыншыларының ерекше жетістігі сыйлығы (Уэс Андерсон). «Кайе дю синема» журналы «Фоксты» 2010 жылғы 5 үздік фильмнің қатарына жатқызды.
Дереккөздер
Санат:АҚШ мультфильмдері Санат:Ұлыбритания мультфильмдері Санат:20th Century Fox мультфильмдері