Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев (17 мамыр 1957 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық саяси және партиялық қайраткер, 2021 жылдан бастап ЖСДП-ның Астанадағы филиалының төрағасы, Парламент Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты.

2022 жылы Әуесбаев Қазақстан президенттігіне ЖСДП атынан ұсынылған болатын. Алайда ол бұл сайлауда жалпы дауыстың 2,22% жинап, жеңбеді.

Өмірбаяны Нұрлан Әуесбаев 1957 жылғы 5 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ОСДП) атынан президенттікке кандидат болып ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. stan.kz. 1.10.2022. Арғын тайпасының Қаракесек руының Керней бөлімінен шыққан. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетте білім алып, Астанаға көшті.

2021 жылы ЖСДП партиясының Астанадағы филиалының төрағасы болып тағайындалды. 2022 жылғы 1 қазанда ЖСДП-ның кезектен тыс 19-съезінде ол 2022 жылғы президент сайлауына партия атынан қатысатын үміткер болып таңдалды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан президенттігіне үміткерлер (2022) Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Жалпыұлттық Социал-демократиялық партия мүшелері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары