Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесиниң Баслығы Аманбай Орынбаев Қанлыкөл районында болды (қарақалпақша) Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Аманбай Орынбаев Қанлыкөл ауданында болды. joqargikenes.uz. 12.10.2022, Jo’qorg’i Kenges Raisi (өзбекше) Жоғарғы Кеңес төрағасы. joqargikenes.uz. 2.10.2022) — Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне төрағалық ететін елдің ең жоғары лауазымды тұлғасы.

Лауазымның қазіргі иеленушісі — Өзбекстан экологиялық партиясының мүшесі Аманбай Орынбаев.

Сайлануы Депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы ұзақтығы Жоғарғы Кеңесінің мерзіміне тең 5-жылдық мерзімге сайланады. Кеңес төрағасы 2 реттен көп қайта сайлана алмайды.

Өкілеттігі және жауапкершіліктері Жоқарғы Кеңес Төрағасы Қарақалпақстанның жоғары заң шығарушы және атқарушы органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылайды, Өзбекстан президентімен келісе отырып, Жоғарғы Кеңеске Министрлер Кеңесiнiң Төрағасы лауазымына кандидатты ұсынады, Министрлер Кеңесінің төрағасы аудан және қалалардың әкімдерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бұған қоса Жоғарғы Кеңес төрағасы Жоғарғы Кеңеске Өзбекстан президентімен келiсiм бойынша Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық және қылмыстық iстер жөнiндегi судьялар, Қарақалпақстан экономикалық сотының төрағалары мен судьялары және қалалық пен аудандық судьялар лауазымдарына кандидатураларды ұсынады.

Жоғарғы Кеңес төрағасы Қарақалпақстан Конституциясы мен заңдарын бұзған жағдайда, депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусының шешімімен импичменттеуі мүмкін.Конституция Республики Каракалпакстан

Төрағалар тізімі

Тұрсын Алламбергенқызы Ешімбетова (1990–1991) Дәулетбай Нұратдинұлы Шәмшетов (ақпан–қараша 1991) Уббанияз Әшірбекұлы Әшірбеков (1991–1997) Темір Камалұлы Камалов (1997–2002) Мұса Тәжетдинұлы Ерниязов (2002–2020) Мұрат Қаллыбекұлы Камалов (2020–2022) Аманбай Тілеубайұлы Орынбаев (2022–)

Дереккөздер

Санат:Премьер-министрлер тізімдері Санат:Өзбекстан саясаты Санат:Қарақалпақстан