Пангасинан — Филиппин Республикасындағы ұлт, Лусон аралының оңтүстік-батысында тұрады. Жалпы саны шамамен 2 миллион адам (2012). Пампангандар ішінара илоктар мен тагалдармен ассимиляцияланған.
Тілі Тілі - пангасинан тілі (индонезиялық тілдердің бірі). Пангасинандардың едәуір бөлігі Филиппиннің ресми тілі - тағал (тагалог) тілін біледі.
Діні Дінге сенушілер негізінен католиктер.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (күріш); көршілерінен тәтті картоп алу маңызды рөл атқарды. Өсімдік талшықтарынан тоқу, керамика, зергерлік бұйымдар, ертеде қайық жасау дамыған. Көрші халықтармен белсенді сауда-саттық жүргізді.
Өмір салты Күйеу жігіттің мал-мүлкін көрсету, қалыңдық үшін төлем, рухтарға сену, сиқырлық дәстүрлері сақталған. Неке неолокальды немесе билокальды.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Тұрғын үйлері төртбұрышты, бір бөлмелі, шатыры шөппен немесе пальма жапырақтарымен жабылған. XX ғасырдың ортасынан бастап елді мекендерде, көп бөлмелі тұрғын үйлердің ұлғаюы байқалады.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі ерлер киімі-тар шалбар мен көйлек, пальма жапырағынан жасалған конустық қалпақ. Әйелдер киімі — саронг, қысқа кофта, орамал. Қазір заманауи еуропалық костюммен ығыстырылуда.
Дәстүрлі тағамдары Дәстүрлі тағамдары – күріш, көкөністер, жемістер, мерекелік тағамдар шошқа, құс етінен дайындалады.
Дереккөздер
Санат:Филиппин этникалық топтары