Пасемах (өз атауы: орта суматран малайлары) — Индонезияда тұратын халықтар тобы. Сонымен қатар негізгі этникалық топқа жақын халықтар кіреді: ампатлаванг, гумей, киким, кисам, лематанг, мекакоу, пасемах-лебар, семендо, серавет. Жалпы саны 1500 адам.
Тілі Пасемахтар австронезиялық отбасына жататын малай тілінің диалектісінде сөйлейді. Мәтіндерін жазу үшін силлабикалық алфавитті (каганга) пайдаланады. Индонезия тілі де кеңінен таралған.
Діні Пасемахтардың көпшілігі сүнниттік мұсылмандар.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі - күріш өсіру; сонымен қатар жүгері, бұршақ, шай, кофе, темекі өсіріп, буйвол, ешкі, құс өсірумен айналысады. Мәдени жағынан малайларға жақын.
Тұрмыс салты нобай|оңға|200px| Пасемах ауылындағы би қойылымы Көрші қауымдастықтар тарапынан үлкен әсер болды. Көршілер қауымының басшысы (дусун) — пангеран. Неке патрилокалды, қалыңмал төленеді.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Қоғамдық үйлер (бале) ХХ ғасырдың ортасында дейін сақталды.
Дәстүрлі киімдері Пасемах әйелдері әдемі тігуді білетін. Бай және құрметті адамдар ұзын киім киген. Өрнек негізінен дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға байланысты 2 түрлі түсті жолақтардан тұрды.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары