Самсы — Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы өзен. Жиренайғыр өзенінің саласы. Ұзындығы 33 шақырым. Су алабының ауданы 178 шаршы шақырым Сипаттамасы
Географиясы Жетіжол және Қастек жоталарына жақын жердегі Аққайнар аулы тұсында бірнеше арнаның тоғысқан жерінен бастау алады да, солтүстікке қарай ағады. Кейде Қарақастек өзенінің арнасы тасығанда суы Самсы өзенінің арнасына құйылады. Самсы аулының тұсында бірнеше тармақтарға бөлініп кетедіТопографиялық карта: k-43-033. Алматы-Тараз тас жолынан өткен соң Үлгілі аулына жете бере Жиренайғырға құядыТопографиялық карта: k-43-021.
Өзен суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Өзеннің ландшафты әдемі және туризмге қолайлы.
Жағалауы Жағалауындағы елді мекендер: Аққайнар, Самсы.
Салалары Ең ірі саласы — Ащыбұлақ. Дереккөздер
Сілтемелер
Самсы — Философия охоты
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері