Назиф Гарифуллаұлы Хисамиев (1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991).
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ КСР-і Мемлекеттік Жоспарлау комитетіне қарасты Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер (1961–1962) Қазақстан ғылымының академиясының Математика және механика секторында стажер (1962–1964) Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында аспирант (1964–1967) ҚазМУ-да доцент (1967–1969, қазіргі ҚазҰУ) Қазақстан ғылым академиясының Математика институтында аға ғылыми қызметкер (1969–1991) Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1991–1992) Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Шығыс бөлімшесі төрағасының орынбасары (1992–1997); 1997 жылдан Шығыс Қазақстан техникалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері «Конструктивные абелевы группы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1939 жылы туғандар Санат:Көкпекті ауданында туғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің професорлары Санат:Қазақстан математиктері