Табылғаты, Табылғыты – Күнгей Алатауының шығыс сілеміндегі асу.
Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстанның шекарасында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2914 м. Солтүстік етегінен Үлкен Талдыбұлақ, Кеңсу өзендері бастау алады. Батысында Кеңсу, шығысында Тұқымбұлақ асулары орналасқан. Күнгей Алатаудың солтүстігіндегі Жалаңаш, Тоғызбұлақ ауылдары арқылы Қырғызстандағы Ыстықкөл қазаншұңқырына қарай соқпақ жол өтеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы асулары Санат:Қырғызстан асулары Санат:Күнгей Алатау