Нүркен — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Нүркен ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км жерде, Жәмші өзенінің сол жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен796 414 366 88,4 208 179 86,1 206 187 90,8

Тарихы Іргесі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1973 жылы құрылған асыл тұқымды қой өсіретін “Жәмші” кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде 1997 жылы Нүркенде шаруа қожалықтары құрылды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері