Сырымбет даласы – Көкшетау қыратының солтүстік-батыс жағындағы үстіртті жазық өңір. Теңіз деңгейінен 330 – 380 м биіктікте орналасқан.
Географиялық орны Әкімшілік жағынан Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының құрамына кіреді. Сырымбет даласында кішігірім көлдер (Құмдыкөл, Ақбас, Саумалкөл) көп.
Климаты Климаты тым континенттік; шілденің орташа температурасы 19°С, қаңтарда –18°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм.
Геологиялық құрылымы Геологриялық жағынан неогендік шөгінділер басым тараған.
Өсімдігі Аумағы далалық белдемге жататындықтан, оның күлгіндеу қара топырағында дала табиғатына бейім өсімдіктер өседі, кей жерлерінде қайың мен қарағай аралас шоқ орман кездеседі. Жері түгелдей дерлік игерілген.
Тарихи дерек Сырымбет даласы – ұлы ғалым Ш. Уәлихановтың өмірімен байланысты тарихи жерлердің бірі. Ақан сері бұл өңірге арнап өзінің «Сырымбет» әнін шығарды, Біржан сал мен Жаяу Мұса табиғаты әсем Сырымбет даласы жайлы ән шырқаған.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан далалары Санат:Солтүстік Қазақстан облысы географиясы