«Етік киген мысық 2: Соңғы тілек» () – DreamWorks Animation шығарған американдық компьютерлік анимациялық шытырман оқиғалы фильм, Шрек мультфилмінің спин-оффы және «Етік киген мысық» (2011) фильмінің жалғасы. Фильмнің режиссері Джоэл Кроуфорд және Януель Меркадо. Пол Фишердің сценарийі бойынша түсірілген. Антонио Бандерас пен Сальма Хайек етіктегі Мысық пен Китти жұмсақ табан рөлдерін қайталады. Олардан басқа Оливия Колман, Харви Гильен, Самсон Кайо, Вагнер Моура, Энтони Мендес, Джон Мулани, Флоренс Пью, Давайн Джой Рэндольф және Рэй Уинстоун дыбыстау актерлері қатысты.
Таңдаулы кинотеатрларда мультфильмнің бір күндік көпшіліккке көрсетілімі 2022 жылдың 26 қарашасында өтті, мультфильмнің премьерасы 2022 жылдың 21 желтоқсанында өтті. Сиквел оқиға желісіне, графикаға, және жаңа кейіпкерлерді көрсетуге қатысты сыншылардан оң пікірлер алды. Етік киген Мысық 2 бүгінгі таңда 373 миллион доллардан астам табыс тапты.
Мультфильм 95-ші Оскар сыйлығында «Үздік анимациялық фильм» номинациясына ие болды .
Рөлдерді дыбыстаған Антонио Бандерас - Етік киген Мысық Салма Хайек Пино - Китти Жұмсақтабан Харви Гильен - Перрито Флоренс Пью - Алтыншаш Кейли Кроуфорд - Кішкентай Алтыншаш Оливия Колман - Ана аю Рэй Уинстон - Әке аю Самсон Кайо - Кішкентай аю Джон Мулани - Үлкен Джек Хорнер Вагнер Моура - Қасқыр Дэвин Джой Рэндольф - Мама Луна Энтони Мендес - Дәрігер Кевин МакКэнн - Моральдық шыбын-шіркей, Джимини Крикетке пародия Scheck, Frank (November 26, 2022). "'Puss in Boots: The Last Wish' Review: Antonio Banderas in Fine Feline Form". The Hollywood Reporter. Archived from the original on November 27, 2022. Retrieved November 27, 2022. Бернардо де Паула - Дель Мар губернаторы Бетси Содаро мен Артемис Пебдани Джо мен Жан Серпент рөлінде Конрад Вернон - дәмдеуіштер Коди Кэмерон - Буратино
Музыка Мен жексұрын фильм сериясының композиторы Гейтор Перейра фильмнің музыкасын жазды, бірінші бөлімнің композиторы Генри Джекманды ауыстырды. 2022 жылдың 29 маусымында оның музыкамен жұмыс істеп жатқаны белгілі болды .
Маркетинг Фильмнің алғашқы трейлері 2022 жылдың 15 наурызында шығады деп жоспарланған болатын, әлеуметтік медиа жарнамалары 7 наурызда басталады, трейлердің шығуына сегіз күн қалдырылады, бұл кейіпкердің тоғыз өмірінің сегізінен айырылуының әртүрлі тәсілдерін ашады; күніне бір кадр . Трейлер жоспарланғандай 2022 жылдың 15 наурызында шығарылды .
Дереккөздер
Санат:АҚШ 3D фильмдері Санат:Сиквел фильмдер Санат:DreamWorks Pictures толық метражды мультфильмдері Санат:Шрек Санат:Уикипедия:Ортаққорға сілтенген мақалалар