Бидього (бижого, бижаго) — Гвинея-Бисауда, Бижагош аралдарында тұратын халық. Саны шамамен 10 мың адам. Биафада, балантелерге жақын.
Тілі Тілі - бидього тілі. Диалектілері: бидьего, анхаки, оранго. Португал тілінде де сөйлейді.
Діні Дінге сенушілер: дәстүрлі нанымдар, кейбіреулері христиандар.
Кәсібі Ағаш өңдеу дамыған: үлкен қайықтардың құрылысы, ағаштан ыдыстар мен мүсіндер жасау.
Өмір салты Ертеде жоғарғы басшы басқаратын ауылдар одақтары болды. Қарым-қатынас есебі матрилинейлі, неке матрилокальды.
Тұрғын үйлері - қабырғалары саздан жасалған, конустық төбесі бар дөңгелек немесе төртбұрышты үйшік, көбінесе сырты боялған және дөңгелек верандасы бар.
Азық-түліктері - негізінен балық, сонымен қатар көкөністер.
Дереккөздер
Санат:Гвинея-Бисау халықтары