Людмила Шарафеддинқызы Хожамұратова (1941 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1989), профессор (1990).
Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институтында дәрігер, кіші ғылыми қызметкер (1964–1971) КСРО денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1971–1990) болды. 1990 жылдан Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері
1988 жылы «Клинико-метаболические особенности пневмонии с токсическим синдромом у детей раннего возраста» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1941 жылы туғандар Санат:Тасқала ауданында туғандар Санат:Қазақстан педиатрлары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының профессорлары