Құмитжон – Сексеуілдала даласының солтүстік-батыс бөлігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының солтүстігінде 42 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 330 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 6 км. Жер бедері белесті құм төбелерден тұрады. Солтүстігінде Қояндыөзекқұдық, Серікбай құдықтары, шығысында Жамбыл таулары, батысында Қалмақ қыстауы бар.

Өсімдігі Құмды өңір табиғатына бейімделген сексеуіл, күйреуік, баялыш, сарсазан, теріскен, жүзгін, жыңғылбас, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Сексеуіл өсіретін және дайындайтын шаруашылықтар бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы құмдары