Таусамалы ауылдық округі — Алматы облысы Қарасай ауданында болған әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Каменка ауылдық округі деп аталған.Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы
Әкімшілік құрамы Құрамына Таусамалы, Ақжар, Жаңатұрмыс, Наурыз, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла ауылдары кірді. Орталығы – Таусамалы ауылы болды. 2016 жылы Жаңатұрмыс ауылы Райымбек ауылдық округіне берілді.Алматы облысының әкімшілік – аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 28093 адамды құрайды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Қарасай ауданының таратылған ауылдық округтері