Сасықкөл – Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочное ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 156,7 м биіктікте жатыр. Аумағы 12,5 км2, ұзындығы 5,6 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындыңы 16,1 км. Көл шарасының аумағы көктемгі қар жəне жауын-шашын есебінен 13,6 км2-ге дейін жетеді. Жағалауы жазық, қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Көл түбіне қалыңдығы 30–50 см лай шөккен. Ең терең жері 1 м-ге жетеді. Суының көлемі 8,8 млн. м3, су жиналатын алабы 0,5 мың км2. Жазда көл шарасы кеуіп қалады немесе шалшықты батпаққа айналады. Негізінен қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының 1-онкүндігінде суы қатып, сəуір айының 2-онкүндігінде ериді. Жағалауы мен алабы шабындық пен егістікке пайдаланыладыАТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5.

Дереккөздер

Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Тайынша ауданы көлдері