Бестоғай, Шерт, Серт – Сырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны Түркістан облысы Сауран ауданы аумағымен ағады.

Гидрологиясы Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 270 км2. Ірі саласы – Өгізтау. Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік беткейінен алып, Құмайлықас ауылынан төменде Ақсары бөгеніне, одан кейін өзен суы Қарсақтысай, Қожабай, т.б. тармақтарға бөлініп қалады. Аңғары тар, жоғарғы бөлігінде тар шатқалмен ағады. Жауын-шашын жəне жер асты суларымен толығады. Суымен егін суғарылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Сауран ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы