Владимир Робертович Беккер (18 қараша 1965 жыл, Үржар ауданы, Семей облысы) — қазақстандық әскери қайраткер, төтенше жағдайлар органдарының ардагері және генерал-майор. Беккер 2016–2020 жылдары Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы болды.

Өмірбаяны 1965 жылы 18 қарашада Семей облысы Үржар ауданы Благодатное ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген. 1983 жылдың қарашасынан 1985 жылдың желтоқсанына дейін КСРО Қарулы Күштерінде қызмет атқарды. 1986 жылдан 1991 жылға дейін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында әртүрлі орта және аға басшы лауазымдарды атқарды. 1991 жылғы желтоқсаннан 2008 жылғы қыркүйекке дейін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарда. 2008 жылдың қазан айынан бастап — Қазақстан Республикасы ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдың қазан айынан бастап — Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2016 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қазанға дейін — Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 472 Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілді. 2020 жылдың қыркүйегінде ол лайықты демалысқа кетті. 2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап «КӘАҚҚ РО» ЖШС Бас директорының бұйрығымен «КӘАҚҚ РО» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

Марапаттар II дәрежелі «Айбын» ордені; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі; I, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдары; Ведомстволық медаль «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»; «Төтенше жағдайлар органының ардагері» медалі; «Өртке қарсы қызмет үздігі» төсбелгісі; «Төтенше жағдайлар органының құрметті қызметкері» төсбелгісі.

Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қазақстан әскерилері