Кисси (гиси, гизи, гизима, гии, дэи) — Гвинеяда (Конакриден солтүстік-батысқа қарай Компани өзеніне дейін), Сьерра-Леонеде және Либерияда тұратын халық.Кисси https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1807085 Туыстас булом, темне, лимба, бага және ландум халықтарымен бірге олардың саны 2 миллионға жуық адамды құрайды (1970, бағалау).Большая советсткая энциклопедия Киси (народ в Зап. Африке) http://bigencyklopedia.ru/34043

Тілі Тілі Атлантикалық батыс тілдері тобына жататын - киси тілі болып табылады.Значение КИСИ (НАРОД В ЗАП. АФРИКЕ) в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2004555.html

Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.КИССИ http://www.aggregateria.com/K/kissi.html

Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, тары, жержаңғақ, маниок, тәтті картоп), майлы пальма жемістерін жинау, жағалауда балық аулау, ұсақ мал өсіреді. Қолөнерді меңгерген, металдардыды өңдеп одан пышақтарды, кетмендерді, ұштықтарды соғады. Ағаштан ою кеңінен тараған: тұрмыстық ыдыстарды, мүсіндер, бетперделер, ғұрыптық керек-жарақтарды жасайды. Ұсталық, былғары, тері өңдеу танымал.Народы и культуры Кисси https://travel-journal.ru/ethno/38/778/Племя Кисии https://kenya-info.me/narody/plemia-kisii

Өмір салты Әлеуметтік ұйымның негізін ақсақал басқаратын үлкен отбасы қауымдастығы құрайды. Туыстық есеп – патрилинейлік, неке – патрилокалды.

Олар шағын жинақы ауылдарда тұрады. Пальма жапырақтарымен жабылған конустық шатыры бар дөңгелек тұрғын үйлер басым, жағалауындағы тұрғын үйлері өрілген қабырғалары және биік төбесі бар төртбұрышты балшықпен сыланған үйлер.

Дәстүрлі киімдері сақталмаған. Арзан мақта маталарынан тігілген еуропалық киімдер киеді. Ерлер футболка мен шалбар, әйелдер көйлектер, орамалдар киеді. Керек-жарақ ретінде былғарыдан және металдан жасалған зергерлік бұйымдар қолданылады.

Азық-түліктері - пальма майымен пісірілген тары, жүгері, күріш жармалары мен бұқтырылған тағамдар, көкөніс дәмдеуіштері, жағалауында - балық тағамдары.народы мира / Кисси http://www.etnolog.ru/people.php?id=KISS

Дереккөздер

Санат:Гвинея халықтары Санат:Сьерра-Леоне халықтары Санат:Либерия халықтары