Ата Өвезнепесұлы Сердаров (; 1964 жыл, қазіргі Ашхабад) — түрікменстандық саяси қайраткер, дипломат және бұрынғы хирург, 2018 жылдан бері Түрікменстан Демократиялық партиясының төрағасы, 2007–2010 жылдары Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрі.

Партия төрағасы мен Министр болуының аралығындағы жылдары Сердаров дипломатиямен айналысты: Ата Сердаров Түрікменстанның ЕуроОдақтағы (2017–2018), Бельгия, Нидерланд, Люксембургтағы (2016–2018), Түркиядағы (2012–2016), Израильдегі (2013–2016) және Армениядағы (2010–2012) төтенше және өкілетті елшісі болған.

Өмірбаяны Саясаттан бұрын Ата Сердаров Рухабат атырабының Ясман-Салык ауылында дүниеге келді. 2018 жылы бұл атырап Ашхабад территориясына енді.

1987 жылы ол Түрікмен мемлекеттік медициналық институтында хирург мамандығы бойынша білім алды, медицина ғылымдарының кандидаты болды.

Сол жылы медицинадағы мансабын дәрігер интерн болып бастады. 1987—1991 жылдары Иранның Абадан қаласындағы ауруханада дәрігер болды.

1991—1994 жылдары ТММИ жалпы хирургия кафедрасының аспиранты болды да, 1994—2005 жылдары Түрікмен мемлекеттік медицина институтында элективті хирургия урология кафедрасының ассистенті болды. 2002—2005 жылдары ТММИ педиатрия факультетінің деканы болды.

2005 жылдан бастап директоры болған.

Денсаулық сақтау министрі Ата Сердаров 2007 жылдың 27 ақпан күні Түрікменстан Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрі болып тағайындалды. Ол президент болған Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың орнын алды.

2010 жылдың 9 сәуір күні ол министрлігін тоқтатты, оның ізбасары Құрбанмәмет Ілиясов болды.

Дипломатиялық мансабы 2010 жылдың жазында Сердаров Түрікменстанның Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол осы лауазымды 2012 жылға дейін иеленді.

Армениядағы елшісі лауазымынан кеткен салысымен Ата Сердаров Түрікменстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. 2013 жылдың 16 қыркүйегінен бастап ол тағы Израильдегі елші болып екі ел үшін қатар жұмыс істеді. Түркия мен Израильдегі елшілігін ол бір күні, 2016 жылдың 16 ақпанында аяқтады.

Сол күні ол Түрікменстанның үш қатар елдегі төтенше және өкілетті елшісі болып қызметін бастады: бұл Бельгия, Нидерланд және Люксембург.

2017 жылдың 3 наурызында Сердаров Түрікменстанның ЕуроОдақтағы елшісі болып тағайындалды.

ТДП төрағасы 2018 жылдың 2 сәуір күні Ата Сердаров Түрікменстан Демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды. Осымен байланысты ол 5 сәуір күні президент Бердімұхамедовтың жарғысымен барлық дипломатиялық лауазымдарынан босатылды.

Сын Непотизм айыптары Прагадағы Чарльз университетінің Халықаралық зерттеулер институтындағы оқытушылардың бірі Славомир Хорактың Түрікменстан жайлы жазған мақаласында ол Ата Сердаровты президент Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың немере ағасы екенін айтып, непотизм арқылы қызметке келген деген айып тақты.

Дереккөздер

Санат:Түрікменстан саясаткерлері