Түрікмен әліпбиі () — түрікмен тілін жазып алуға қолданылатын жазу жүйесі. Түрікменстан және Өзбекстан түрікмендері латын әліпбиін қолданса, Иран және Таяу Шығыстың басқа да түрікмендері парсы әліпбиіне негізделген нұсқасымен жазады.

Араб жазуы thumb|right|Орыс тілі мен араб жазуындағы түрікмен тілі бар пропаганда постері, 1925 Түрікмен тілінің жазуы XIII—XIV ғасырларда пайда болды. XVIII-ғасырда-ақ түрікмен тілінде бай әдебиет болған. Алайда халықтың ана тілінде сауаттылығы XIX-ғасыр аяғының өзінде 1%-дан аз болды, кітап шығару өте шектеулі болды, түрікмен тіліндегі алғашқы баспа 1913 жылы ғана пайда болды, ал тұңғыш газеті 1914 жылы жарыққа шықты.

Иран, Ирак және Ауғанстан түрікмендері қазірдің өзінде де парсы тіліне негізделген нұсқасын қолданады.

Соңғы 4 онжылдық бойы Иранда Заманауи стандартталған түрікмен араб жазуын құрастыру жүргізіліп жүр. Парсы әліпбиі, өзгертусіз немесе стандарттаусыз түрікмен тілі үшін жарамайды: бір "т" дыбысы үшін парсылардың екі түрлі әріпі бар (ت، ط) және түрікмен тілінде бар, бірақ парсы тілінде жоқ дауысты дыбыстарды жазып алу қиын.

Заманауи стандартталған түрікмен араб әліпбиін алғаш рет марқұм доктор Һамид Нотқи жасап, Иран-Әзірбайжан-Түрік Варлық (Varlık) журналында жариялады. Содан бері бұл жүйені ирандық түрікмендер қолданып келе жатыр және «Yaprak» және «Sahra» сияқты түрікмен басылымдары, сондай-ақ түркиялық мемлекеттік ақпарат құралдары (мысалы TRT ) қолданады.

2010 жылы ирандық-түрікмен әдебиетшісі және лингвист Махмыт Атағазлы () заманауи стандартталған түрікмен араб әліпбиін үйрететін «Түрікмен тілін дұрыс жазуға арналған нұсқаулық» (, ) кітапша жазған. Бұл кітапшада Атағазлы әліпбиді таныстырып қана қоймай, түрікмен тілі фонологиясын және осы фонологияны дұрыс көрсету үшін түрікмен жазу ережелерін жазып алған.

+ Жіңішке дауыстыларПарсы اۆ / ۆ اؤ / ؤ ای / ی اِ / ـِ / ه أ / ـأЛатын Ü ü Ö ö I i E e Ä äХФӘ [y] [ø] [i] [ɛ] [æ]

+ Жуан дауыстыларПарсы اوُ / وُ اوْ / وْ ایٛ / یٛ آ / ‍ـاЛатынU uO oY yA aХФӘ[u][o][ɯ][ɑ]

№Әріп ЛатыншаХФӘМысалЛатынша жазылуыМағынасы1 ب B b [b]باشBaşБас2 پ P p [p]پالتا Palta Балға3 ت T t [t̪]تاناTanaБұзау4 ث S s [s]ثمر SemerПайда5 ج J j [dʒ]آجیٛAjyАщы6 چ Ç ç [tʃ]چکیچÇekiçБалға7 ح H h [h~x]حو‌ْرازHorazӘтеш8 خ H h [x]خانHanХан, Қаған9 د D d [d̪]داغDagТау10 ذ Z z [z]ذلیلZelilҚорланған11 ر R r [ɾ~r]بارماقBarmakСаусақ12 ز Z z [z]آزAzАз13 ژ Ž ž [ʒ]آژدارAždarАйдаһар14 س S s [s]سنSenСен15 ش Ş ş [ʃ]آشاقAşakТөмен16 ص S s [s]صنمSenemЕсім17 ض Z z [z]ضررZererЖоғалуы18 ط T t [t̪]حاطHatТүзу / Әріп19 ظ Z z [z]ظالمZalymТиран20 ع N/A [ʔ]عزیزEzizҚұрметті21 غ G g [ɣ~ʁ]باغBagСаябақ22 ف F f [ɸ]نفسNefesТыныс алу23 ق G g[ɡ~ɢ]قاراGaraҚараK k [k~q]قاقاKakaӘке24 ك / ک K k [k]کرKerСаңырау25 گ G g [ɡ~ɢ]گلGelКел!26 ل L l [l~ɫ]لالLal27 م M m [m]منMenМен28 ن N n [n]نارNarАнар29 نگ Ň ň [ŋ~ɴ]منگMeňМең30 و W w [β]آوAwАулау31 ه / هـ H h [h]هانیHanyҚайда?32 ی Ý ý [j]یازÝazКөктем

Кириллицасы thumb|right|«Түркмен халк гейимлери»: Түрікмен дәстүрлі киім үлгісі және түрікмен кириллицасы бар кеңестік пошта маркасы, 1963 1930 жылдардың аяғында КСРО-да жазуларды кирилизациялау процесі басталды. 1939 жылы қаңтарда «Sovet Tyrkmenistanь» газетінде түрікмен әрпін кириллицаға көшіру туралы бастамамен Ашхабад және Ашхабад ауданы мұғалімдерінің хаты жарияланды.

1940 жылы мамырда Түрікмен КСР Халық Комиссарлар Кеңесі барлық мемлекеттік және қоғамдық мекемелерді жаңа әліпбиге көшіру туралы қаулы қабылдады.

Түркімен кирилл әліпбиі 2000 жылға қарай ресми қолдану аясынан толығымен алынып тасталды.

Латиницасы thumb|right|1993 жылғы 500 манат банкнотасында $ және ¥ әріптерін байқауға болады (BÄ$ ¥ÜZ MANAT) Кеңестік Түрікменстанда 1928 жылы латын графикасы қабылданды. 1940 жылы Кеңес Түрікменстанындағы Ресейдің ықпалының себебімен түрікмен кириллицасы құрылды. Тәуелсіздік алған салысымен елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов тұсында жаңа латын әліпбиінің нұсқасығ құрастыру жоспарлары пайда болды. 1992 жылғы Тәуелсіз Түрікменстанның тұңғыш латиницасының басқа еш тілде болмаған ерекшелігі — q, v, x әріптерінің ө, ү, ы әріптерімен байланыстырылғаны. Әліпби көпшілікке ұнамағаннан, өзгертілуі шешілді.

1993 жылы ақпан айынында Сапармұрат Атаұлы Ниязов ұсынған нұсқасында фунт (£), доллар ($), иен (¥) және цент белгілері (¢) сияқты әдеттен тыс әріптер пайдаланылған: Aa Bb Çç Dd Ee Ää Ff Gg Hh Ii Jj £ſ Kk Ll Mm Nn Ññ Oo Öö Pp Rr Ss $¢ Tt Uu Üü Ww Yy ¥ÿ Zz.

Қазіргі латын жазуына негізделген, 1999 жылы қабылданған әліпбиі бұл әдеттен тыс символдардың қолданысын тоқтатқан.

Әліпбилер салыстыру кестесі Латиницасыс 1995 Латиницасы1993 Латиницасы1992 Кириллицасы 1940—1995 Латиницасы1929—1940 Араб жазуы(кеңестіу) (1923—1929)Араб жазуы(Ирандық) Aa Аа Aa <font size="4">آ ع<font size="4">آBb Бб Bʙ <font size="4">بÇç Cc Чч Cc <font size="4">چDd Дд Dd <font size="4">دЕе Ее Ээ Ее <font size="4">ٱ<font size="4"> اِ / هÄä Ea ea Әә Əə <font size="4">أFf Фф Ff <font size="4">فGg Гг Gg Ƣƣ <font size="4">گ<font size="4">ق غ گHh Хх Hh Xx <font size="4">خ<font size="4">خ ٥ حIi Ии Ii <font size="4">ى<font size="4">اىJj Җҗ Çç <font size="4">ج Žž £ſ Jh jh Жж Ƶƶ<font size="4">ژKk Кк Kk Qq <font size="4">ک ق<font size="4">ق كLl Лл Lʟ <font size="4">لMm Мм Mm <font size="4">مNn Нн Nn <font size="4">ن Ňň Ññ Ng ng Ңң Ꞑꞑ <font size="4">ڭ<font size="4">نگOo Оо Оо <font size="4">او<font size="4">اوْ / وْÖö Qq Өө Ɵɵ <font size="4">اۇ<font size="4">اؤ / ؤPp Пп Pp <font size="4">پRr Рр Rr <font size="4">رSs Сс Ss <font size="4">ث س ص Şş $¢ Sh sh Шш Şş <font size="4">شTt Тт Тт <font size="4">ط ت<font size="4">تUu Уу Uu <font size="4">او<font size="4">او / ُوÜü Vv Үү Yy <font size="4">اۇ<font size="4">اۆ / ۆWw Вв Vv <font size="4">وYy Xx Ыы Ьь <font size="4">ى<font size="4">ایٛ Ýý ¥ÿ Yy Йй Jj <font size="4">ﻳ<font size="4">یZz Зз Zz <font size="4">ظ ض ذ ز Ёё Ts ts Цц Щщ Ъъ Ьь Юю Яя

Дереккөздер

Санат:Латын әліпбилері Санат:Араб әліпбилері Санат:Түрікмен тілі