Белимов Василий Михайлович (1930 жылы туған, Атбасар ауданы Митрофановка ауылы) – қызметкер.

Новосібір кооперативтік сауда институтын бітірген (1965). 1946 жылдан Ақмола облысы сауда жүйесінде (сатушы, дүкен, қойма меңгерушісі, төраға орынбасары, «облтұтынушылародағы» сауда базаларында директор) жұмыс істеген.

Аудандық, облыстық халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған.

«Октябрь Революциясы» орденімен, медальдармен марапатталған.“Қазақ Энциклопедиясы”, ІІ-том

Дереккөздер

Санат:1930 жылы туғандар Санат:Атбасар ауданында туғандар Санат:Новосібір кооперативтік сауда институты түлектері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері