Құбадақ атырабы () — Түрікменстандағы Дашоғыз уәлаятының бұрын болған атырабы.
Тарихы 1938 жылы желтоқсанда орталығы Телман атындағы ауылда болған Түрікмен КСР Ташауыз округінің Телман ауданы болып құрылды.
1939 жылы қарашада Ташауыз округі таратылып, Телман ауданы жаңадан құрылған Ташауыз облысына берілді.
1963 жылы қаңтарда Телман ауданы таратылды.
1975 жылы қарашада Телман ауданы Ташауыз облысының құрамында қалпына келтірілді.
1988 жылы тамызда Телман ауданы қайтадан таратылды.
1992 жылы Телман ауданы Дашоғыз уәлаятының құрамына еніп, Құбадақ атырабы болып өзгертілді.
2022 жылдың 9 қарашасында Құбадақ атырабы жойылып, оның аумағы Болдымсаз атырабына берілді.
Сілтеме Дүниежүзілік тарихи жоба
Дереккөздер
Санат:Түрікменстанның таратылған атыраптары Санат:Дашоғыз уәлаяты атыраптары