Сидамо (sidaama) — Эфиопияның оңтүстік-батысындағы шығыс кушит тобының халқы. Олар Абая мен Ауаса көлдерінің арасында тұрады. Халқы 3 миллион адам. (2007, халық санағы).Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/3660926 Сидамо халықтарына кушит тобындағы жақын тілдерде сөйлейтін халықтар кіреді: сидамо, дараса, камбатта, хадия, алаба, тамбаро.

Тілі Тілі - кушит тілдері.Большая советская энциклопедия СИДАМО https://bse.slovaronline.com/40591-SIDAMO

Діні Көптеген сидамолар христиан дінін ұстанады, кейбіреулері исламды ұстанады, ал кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды сақтайды.Большая советская энциклопедия Сидамо https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/132133/%D0%A1%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%BE

Тарихы XIII-XVI ғасырларда сидамо халқы қазіргіден солтүстікте, көршілес амхараның жанында өмір сүрді және Хадия, Ифат және Дауро мұсылман сұлтанаттарының құрамында болды. XVI ғасырда көптеген оромо халқы Сидамо мен Оромо мекендеген аумақтың көп бөлігін жаулап алып, бұл халықтарды Эфиопияның оңтүстік-батысындағы тауларға итермеледі.Материал из свободной энциклопедии https://infor24.ru/%D0%A1%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%BE

Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатырн егіншілік (құмай, бидай, энсет банандары, картоп, қызанақ, кофе және т.б.), ірі және ұсақ мал, есек өсіреді.Народы и культуры Сидамо https://travel-journal.ru/ethno/45/1246/

Өмір салты Қоғамның құрылымы таптық каста болды: ақсүйектер, діни қызметкерлер, еркін егіншілер, саудагерлер, қолөнершілер, аңшылар кастасы (уат). Дәстүрлі қоғамдық ұйымда жыныс және жас топтары мен қолөнер касталары маңызды рөл атқарды. Сидамолардың көпшілігі - ауыл бірлестіктері мен кооперативтеріне ұйымдасқан шаруалар.

Жоғарғы тап абиссиндіктер сияқты шамма киді, ерлер қысқа, өте кең, тізеге дейін жетпейтін, әдемі өрнектермен безендірілген шалбар, әйелдер ұзын көйлектер киді. Төменгі таптардың мата киюге құқығы болмады, ерлер былғары алжапқыш, әйелдер былғары белдемше киді. Бас киімі ешкі терісінен жасалған конус тәрізді қалпақшадан тұрды. Ерлер де, әйелдер де қолдары мен аяқтарын білезіктермен, сақиналармен, сырғалармен, моншақтармен безендірді.ЭФИОПИЯ НАСЕЛЕНИЕ НАРОДЫ ЭФИОПИИ СИДАМО http://www.turlocman.ru/ethiopia/7679

Дереккөздер

Санат:Эфиопия халықтары