Булавский Виктор Константинович (22 қаңтар 1918, қазіргі Аршалы ауданы, Аршалы қаласы — 26 желтоқсан 1939, Сумма-Ярви өзені маңы, Финляндия) — Кеңес Одағының батыры (1940).
Өмірбаяны Петропавл қаласында мектеп бітірген (1936). 1939 жылы Коломенск әскери артиллериялық училищесін бітірген соң, Мәскеу әскери округінің 402-артиллер. полкінің 8-батареясына командир болып тағайындалады.
1939 жылы оның полкі Финляндия майданына әкелінеді. Булавский Финляндия жеріндегі Сумма-Ярви кентінің жағасындағы 65,5 биіктігі үшін болған ұрыста ерлікпен қаза табады. Сестрорецк қаласында жерленген.
Естелік Оның есімі Коломенск артиллериялық училищесі жеке құрамының тізіміне мәңгілікке тіркелген. Булавскийдің есімі өзі қаза тапқан биіктікке, Петропавл мен Санкт-Петербург қалаларындағы бір көшеге беріліп, оқыған мектебінде ескерткіш тақта ілулі тұр.
КСРО Қорғаныс министрлiгiнiң 1967 жылғы 18 маусымдағы бұйрығымен Кеңес Одағының Батыры В.К.Булавский жоғары артиллериялық училищенiң І батареясының тізiміне мәңгiлiк енгiзiлдi. Бiрiншi батареяның казармасында Кеңес Одағының Батыры В. Булавскийдiң мүйiсi жасақталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер