Шөптікөл — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Шөптікөл ауылдық округінің орталығы болған.Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1274 адам (640 ер адам және 634 әйел адам) болса, 2009 жылы 1083 адамды (538 ер адам және 545 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 991 адамды (511 ер адам және 480 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1961-1997 жылдары “Шөптікөл” қой кеңшарының орталық болған. Оның негізінде ауылда және округке қарасты Алтыбаз, Соналы және Үшағаш ауылдарында ӨК, 4 шаруа қожалығы құрылған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Қаратөбе ауданы елді мекендері