Костенко шахтасындағы апат — 2023 жылғы 28 қазанда Қарағанды облысында орналасқан Костенко шахтасында болған жарылыс пен өрт. Болжам бойынша, лавада газ метанының жарылысы орын алған. Апат болған кезде шахтада 252 адам болған, 208 кеншіні құтқарушылар жер бетіне алып шыққан, 46 адам қаза тапты.

Костенко шахтасы жайлы оның даулы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты болғаны және ол жерде 1400-ден астам адам жұмыс істейтіні белгілі.

Себепші факторлар нобай|250x250 нүкте|АрселорМиттал Теміртау компаниясының логотипі "АрселорМиттал Теміртау" жұмыс істеген жылдары кәсіпорында қаза болған қызметкерлер саны 160 адамнан асты. Соңғы жылдары металлургия комбинатының кәсіпорындарында Төтенше жағдайлар жылына екі рет жиілікпен жүреген.

+АрселорМиттал Теміртау кәсіпорнындағы аварияларАвария болған жылҚаза болғандар саны1995 жыл131998 жыл32004 жыл232006 жыл412008 жыл352021 жыл102022 жыл102023 жыл52023 жыл46 Костенко шахтасында болған апат — 2023 жылы ArselorMittal иеленген Қарағанды облысындағы шахтада болған жалғыз апат емес. 28 қазанға қараған түнде орын алған апаттан 2.5 ай бұрын, "Қазақстан" шахтасында 5 адамның өмірін қиған апат болған. Ардагер-кеншілер және қарағандылық белсенділердің сөзінше компания шахталардағы қауіпсіздікке ақша бөлмейді және жұмысшыларға жағдай жасамайды.

Үкімет сөзінше компания өндірісті жаңарту және инвестиция тарту мәселесі бойынша алған міндеттемелерін орындамаған. Оған қарамастан ол әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. 19 қыркүйекте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев журналистерге мәселе кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару жөнінде болып отырған жоқ, оны "елдің инвестициялық климатына ірі соққы болатын еді" деп түсіндірген.

Хронологиясы 28 қазан Сағат түнгі 3:30-те Костенко атындағы шахтаның тау-кен шебері газометан лавасындағы өрт туралы хабарлады. Кәсіпорында апатты жою жоспары дереу жасалды, бірақ біраз уақыттан кейін үлкен жарылыс болған. Осы кезде шахтада 252 адам болған, 206 қызметкер өз бетінше жер бетіне көтерілген. 18 адам медициналық көмек көрсетілген. Бастапқыда 4 өлген адамның денесі табылды, кейінірек тағы үшеуін жер үйстіне шығарған.

Түстен кейін, сағат 14:00-де 22 кеншінің денесі табылған. Шамамен 700 метр тереңдікте іздеу жалғасып жатыр Апаттық құтқару жұмыстарына 55 адамнан тұратын кәсіби әскери-құтқару қызметінің 10 бөлімшесі, 12 техникасы жұмылдырылды. Жұмыстар газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ анықталған денелерді көтеру жүргізілетін 2 учаске ауданында жүргізіледі.

"АрселорМиттал Теміртау" барлық кәсіпорындарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды.

Кешке қарай, сағат 16:00-де қаза тапқандар саны 32 адамға дейін өсті.

Кешке Қарағандыда брифинг өткізілді, әлі табылмаған 13 адамның «тірі қалу мүмкіндігі өте аз» деп айтылған және апат себебі деп көмір оятын орыннан өрт шығуы аталды. Қайтыс болған адам санының жоғары болғаны газ-ауа қоспасы жарылғандығымен түсіндірілді, шахтада позициялау жүйесі орнатылмағаны, төтенше жағдай кезінде оның жоғы анықталды. Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Қарағанды филиалы директорының орынбасары Жұмат Өкенов айтуынша «апат болған жерде өрт ауыздықталды [және] қазір шахтада құтқарушылардың жұмысына қауіп жоқ.» және «апат кезінде кеншілердің денелеріне қатты зақым келген, осының салдарынан олардың аты-жөнін анықтау қиынға түсіп жатыр.»

29 қазан Таңертеңгі ақпарат бойынша құтқарушылар 36 кеншінің денесін тапты, оның 29-ы жер бетіне көтерілді. Тағы 11 адамды іздеу жалғасуда.

Түскі 14:00 бойынша қайтыс болған кеншілер саны 38 адамға жетті. Шахтадан 9 адам іздестірілуде.

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 қаза тапқан адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда. Осы күндері ауруханада болған екі кенші дайындалып жатыр.

30 қазан Шахтада қалған бір кенші іздестірілуде. 45 кенші табылып жоғарыға шығарылды.

31 қазан Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын-ала болжам бойынша 46-шы қаза тапқан адамның дене бөлшектері табылды. Қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталды, 6-уы анықталмады. Іздеу жұмыстары электр энергиясының болмауымен, тау-кен қазбаларының ұзындығымен, көптеген бұзылған механизмдердің болуымен қиындады. Су басқан жекелеген тау-кен қазбаларында жұмыс жасау қиынға түсті. Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде. Апаттың себептерін тергеп-тексеру шеңберінде Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түстім. Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрылыстары қираған 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге салайық, ағымдағы жылғы 28 қазанда сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтада тереңдігі  700 метрде жану болып, кейіннен метан-ауа қоспасының жарылуы орын алды. Бұл жерге дереу «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының күштері жіберілді. Апат кезінде ауысымда 252 кенші болды, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштерімен табылып, жер бетіне шығарылды. Жалпы, 30 қазаннан бастап Қарағанды облысының бес шахталарында (Абай, Саран, Шахтинск, Күзембаев және Ленин атындағы) өндіру процестері қайта жанданды. «Тентек» шахтасында тек дайындық жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстан» шахтасында оның қарқынды жұмыс істеуі үшін барлық жұмыстар қамтамасыз етілуде және аэрогаз жағдайы бақылауда.

Салдары нобай|250x250 нүкте|нобай|солға|Жалпыұлттық аза тұтуға байланысты елдегі жарнамалық табло солға|нобай|250x250 нүкте|Аза тұтуға байланысты төмен түсірілген ту 29 қазан күні Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

«ArcelorMittal Temirtau» компаниясының меншік құқығы Қазақстанға беріледі.

Премьер-министр ресми сайтының мәліметінше зардап шеккен 20 кенші дәл қазір Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада «қажетті ем алуда».

29 қазан күні жарияланған Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше ауруханаға 28 адам жеткізілген, газбен уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған, жағдайы тұрақты реанимация бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр, бір адам травматологияда жатыр, жағдайы орташа ауыр, екі кенші Шахтинскінің орталық ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр және төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Сағат 15:21-де жарияланған Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше 42 адамның денесі табылды, 4 адам әлі іздестіріліп жатыр.

Апат нәтижесінде зардап шеккендердің туыстары іздестірудің баяулығына шағымданған, төтенше жағдайлар қызметінің өкілі мұны апаттың ауыр болғанымен, шахтаның кейбір жерлерін су басқанымен және сол себептен іздеу жұмыстарының қиындауымен түсіндірді.

Қазақстан үкіметі әлі күнге дейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі кәсіпорынға 3,3 млрд доллар инвестиция салуға дайын отандық инвестор іздеуде. Үкімет бұл сома үш жыл ішінде салынады деп жоспарлап отыр.

Көмек Қаза тапқандардың отбасыларына үш көзден: республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандырудан және өмірді сақтандыру компаниясынан асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы тағайындалады. Төлемдердің жалпы айлық орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін 400–500 мың теңгені құрайды. Егер балалар жоғары оқу орындарында оқитын болса, онда 23 жасқа дейін. Әзірге барлық қаражатты төлеу "АрселорМиттал Теміртау" арқылы қамтамасыз етіледі. Компания ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. Жерлеуге байланысты барлық шығындарды АМТ өз мойнына алады. Балаларды жоғары оқу орындарында оқыту да АМТ-ны өз мойнына алуы керек.

Реакция Үкіметтің реакциясы Қазақстанда 29 қазан күні жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Апат болған күні президент Тоқаев, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов және премьер-министр Әлихан Смайылов оқиға орын алған жерге барды, президент кеншілердің туыстарымен кездесіп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты және үкіметке "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық әріптестікті тоқтатуды тапсырды.

Оған қоса Тоқаев «АрселорМиттал» компаниясындағы апатқа кінәлілердің барлығы жауапқа тарту шұғыл тапсырмасын берген, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсететініне уәде берді.

Арселормитталдың реакциясы 29 қазан күні "АрселорМиттал Теміртаудың" кәсіподақ жетекшісі Евгений Буслаев апат нәтижесінде қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына «ұжымдық келісімшартта көрсетілген барлық көмек пен жеңілдіктер беріледі» деді.

Халықаралық реакция : Президент Владимир Путин шахтадағы қайғылы жағдайға байланысты Тоқаевқа көңіл айтты. : Қазақстанға ресми сапарыма, қазақ халқына деген достық қарым-қатынасымды көрсетуге бірнеше күн қалғанда ел шахталарының біріндегі қайғылы жағдай туралы хабар келді. Шахтада қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, – деп жазды Эммануэль Макрон әлеуметтік желіде. : Қазақстанның Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан адамдардың көз жұмуына байланысты барлық қырғыз халқының және өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Орны толмас қазаға ортақпыз, мерт болғандардың отбасылары мен жақындарына төзімділік және берік болуды тілейміз. Зардап шеккендердің барлығына жылдам сауығып кетуге тілектеспін, - деді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. : Қазақстандағы шахтада апат болғанын күйзеліспен қабылдадық. Қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз. Түркия дос әрі бауырлас ел – Қазақстан үкіметімен және халқымен әрдайым бірге екенін жеткіземіз. – Түркия Сыртқы істер министрлігі Facebook-тегі ресми парақшасы. : Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНИСЕФ, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлеуметтік желілерінде қазақстандықтарға көңіл айтты. : Қазақстандағы Еуропа Одағы Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады – деп Twitter желісінде жариялады. : Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтып, қоңырау шалды. : президент Эмомали Рахмон Ақордаға көңіл айту телеграммасын жіберді. : президент Сердар Бердімұхамедов, Халық мәслихатының төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Татарстан: президент Рүстем Миңнеханов Ақордаға көңіл айту телеграммасын жіберді. ТҮРКСОЙ: Бас хатшы Сұлтан Раев Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. : Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қайтыс болған кеншілердің туыстары мен жақындарына жанашырлық пен қолдау сөздерін жіберді. : Беларусь президенті Александр Лукашенко Ақордаға көңіл айту телеграммасын жіберді. : Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтып, қоңырау шалды.

Көңіл айтқан елшіліктер : Бельгия Корольдігінің елшілігі Қарағанды облысындағы Костенко көмір шахтасында болған апатта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. : Қазақстандағы Қытай елшілігінің Мемлекеттік Туы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар үшін аза тұту белгісі ретінде түсірілді. : Литва Республикасының елшілігі де Қазақстан халқының қайғысына ортақтасты. : Қазақстандағы АҚШ елшілігі көңіл айтып, желіде былай деп жазды.

Костенко шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілер отбасына көңіл айтамыз. Осындай қайғылы сәтте біз Қазақстан халқымен біргеміз, - делінген елшіліктің жазбасында.

: Швецияның Қазақстандағы елшілігі де қазақстандықтарға көңіл айтты.

: Жапония елшілігі де қазақстандықтарға көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

: Ұлыбританияның Қазақстандағы елшiлiгi де әлеуметтік желіде көңіл айтты.