Пима (Pima, Akimel O’odham) — Солтүстік және Оңтүстік Американың байырғы үндіс халқы, Аризонаның орталық және оңтүстігінде, Америка Құрама Штаттарында және Мексиканың солтүстік-батысында Сонора және Чиуауа штаттарында тұрады.
Тілі Пима тілі уто-ацтек тілдер отбасының сонора тобына жатады.
Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер.
Тарихы Еуропалықтар келгенге дейін пима тайпасының негізгі жаулары апачи болды, олар табиғи ресурстар үшін бәсекелестікке байланысты пиман елді мекендеріне шабуыл жасады, дегенмен кейде апачилермен бітім жасалған. Апачи және басқа тайпалармен мерзімді қақтығыстарға қарамастан, пима әдетте бейбіт халық болды.
Пима тайпасымен алғаш рет 1539 жылы испан миссионер Маркос де Ниса кездесті, кейінірек миссионерлер Эусебио Кино және Франциско Гарсес келді. XVII ғасырдың екінші жартысында испандықтар пима тұратын жерлерде бекіністер, ранчолар мен шахталар құрды. Испандықтардың жергілікті халыққа қатыгездікпен қарауы 1695-1751 жылдар аралығында болған көтерілістерге әкелді.
ХІХ ғасырдың ортасында американдық қоныстанушылар Хила өзенінің аңғарына келіп, пима халқын бұрынғы жерлерінің аз ғана бөлігін құрайтын резервацияға ығыстырды. 1859 жылы АҚШ үкіметі пиманы марикопа үндістерімен біріктіріп, «Пима-Марикопа тұзды өзенінің үндіс қорығын» құрады.
Қазіргі уақытта Хила өзенінің үндіс қауымдастығы Аризонаның орталығында 2200 км2-ден астам аумақты алып жатқан егемен тайпа болып табылады. Қауымдастық бірнеше аудандарға бөлінген, олардың әрқайсысында жергілікті басқару бар.
Кәсібі нобай|оңға|300px|Пима үйлері Дәстүрлі кәсіптері суармалы егіншілік (жүгері, бұршақ, асқабақ, темекі, мақта және басқа да дәнді-дақылдар), терушілік, аңшылық, балық аулау, ал отаршылдық кезінде мал шаруашылығын (құс, шошқа, жылқы) қабылдады. Тоқымашылық, өру, т.б. белгілі. Қазіргі пималар қалаларда жалдамалы жұмыс істейді.
Тұрмыс салты Отбасы шағын. Неке патрилокальды, содан кейін неолокалдық.
Дәстүрлі тұрғын үйі күмбез тәрізді, ағаш немесе бөренелерден жасалған, сабанмен және жапырақтармен жабылған. Бүгінде саманнан тұрғызылған үйлер басым. Олар төртбұрышты немесе тікбұрышты, шатыры қаңылтырдан жасалған, терезелері кішкентай, сондықтан іші қараңғы. Үйдің ортасында қыстың суық күндерінде ас пісіретін және ағашпен жылытатын металл пеш бар.
Киімдері жалпы мексикалық үлгіде, былғарыдан жасалған киімдер мен тоқылған жамылғылар кең таралған.
Дереккөздер
Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:Орталық Америка үндістері Санат:АҚШ этникалық топтары Санат:Мексика этникалық топтары Санат:Америка халықтары