Говард Винчестер Хоукс (; 30 мамыр 1896, Гошен, Индиана — 26 желтоқсан 1977, Палм-Спрингс, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Киносыншы Леонард Малтин оны «есімі көпшілікке таныс болмаса да, ең ұлы америкалық режиссер» деп атаған. Ал Роджер Эберт Хоуксты «таза кино түсірудің хас шебері және авторлық кино сыншыларының кумирі» деп сипаттады, өйткені ол сан алуан жанрдағы туындыларында өзіне тән байсалды құндылықтарды қалыптастыра білді. Ол «Сержант Йорк» (1941) фильмі үшін «Үздік режиссер» номинациясы бойынша Оскар сыйлығына ұсынылып, 1974 жылы киноөнерге қосқан үлесі үшін Құрметті Оскар сыйлығын иеленді.
Хоукс — комедия, драма, гангстерлік фильмдер, ғылыми фантастика, нуар, соғыс фильмдері мен вестерн сияқты көптеген жанрларды меңгерген әмбебап режиссер. Оның фильмдеріндегі өр мінезді, өткір тілді әйел бейнелері кейіннен кино тарихында «Хоукстық әйел» деген терминнің қалыптасуына негіз болды.
Хоукстың шығармашылығы Мартин Скорсезе, Роберт Олтмен, Джон Карпентер, Райнер Вернер Фасбиндер, Квентин Тарантино және Майкл Манн сияқты режиссерлерге зор ықпал етті. Entertainment Weekly журналы Хоуксты ең ұлы режиссерлер тізімінде төртінші орынға қойып, былай деп жазды:
«Оның қолтаңбасы визуалдылықтан бұрын тақырыптық тереңдігімен ерекшеленеді: ерлердің айнымас серті, сол ерлердің аптығын басатын әйелдер бейнесі, паңдыққа деген жиіркеніш және астарлы әзілге деген құштарлық. Оның вестерндері мен драмаларында, мюзиклдері мен комедияларында нағыз кәсіби маманның еркіндігі сезіледі. Француздардың оған неліктен тамсанғаны түсінікті: оның қарапайымдылыққа бүккен тереңдігі — студиялық жүйенің ең үздік жарнамасы болды».
Ал атақты француз режиссері Жан-Люк Годар оны «барлық америкалық өнерпаздардың ішіндегі ең ұлысы» деп бағалаған.Horne, Philip. "Howard Hawks: The king of American cool." The Daily Telegraph (London), December 29, 2010. Retrieved: July 1, 2016.Brody, Richard. "Jean-Luc Goddard: Bravo, 'RIO BRAVO'." The New Yorker, December 2, 2011. Retrieved: July 1, 2016.
Дереккөздер
Санат:Құрметті Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Корнелл университеті түлектері Санат:Инсульттан қайтыс болғандар Санат:Вестерн режиссёрлері