Симоне Франчози (; 3 қыркүйек 2001https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/633564) — сан-маринолық футболшы, қорғаушы.

Карьерасы

Халықаралық Ол жастар құрамасындағы тұңғыш ойынын 2019 жылы 5 қыркүйекте Шотландияға қарсы матчта өткізді. 2022 жылдың наурыз айында футболшы Сан-Марино ұлттық құрамасына шақырту алды. Ал ұлттық құрамадағы бірінші ойынын 2022 жылы 26 қыркүйекте Эстония құрамасына қарсы матчта өткізді.

Футболшы ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын 2023 жылы 17 қарашада Қазақстан құрамасына қарсы ойында соқты. Бұл ойында Сан-Марино 1:3 есебімен ұтылды.

Дереккөздер

Санат:Сан-Марино футболшылары Санат:Сан-Марино Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары