Сермұхамед Бекбатырұлы Бекбатыров (1899, Жымпиты уезі, Орал губерниясы, Ресей империясы — 1938, КСРО) — Кеңестік мемлекет және партия қайраткері, РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімшесінің төрағасы (1927-1929).
Өмірбаяны 1920 жылы — Жымпиты уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, кейін сол жылы ЖШҚӘ саяси қызметкері, 1921 жылы — Орал губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі, «Қызылту» газетінің редакторы, 1921-1922 жылдары — Жымпиты уездік атқару комитеті және уездік комитеті төралқасының мүшесі, 1925-1926 жылдары — РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімшесі алқасы төрағасының орынбасары, 1927-1929 жылдары — РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімшесінің төрағасы,
1929 жылы қазанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті оны Жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссариатының қарауына жіберді. 1931 жылы — САИИНТИ директорының орынбасары – теориялық саясиэкономия доценті, Ташкент қ., 1934-1935 жылдары — Қазақстан қой шаруашылығы институтының директоры, 1935 ж. ақпан — Қазақ ОАК қарамағындағы Кеңестік құрылыс институтының директоры.
Қазақ орталық атқару комитетінің мүшесі (1927-1931). БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті Төралқасының мүшесі (1927-1930).
1938 жылы КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының үкімімен тұтқындалып, атылды. 1961 жылы ақпанда ақталды.
Источники Өмірбаяны Қазақстан ЖС сайты
Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:Өлім жазасына кесілген саясаткерлер Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары Санат:1938 жылы бұйрықпен өлтірілгендер