«Өркендеу күзетшісі» операциясы () — хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге жасаған шабуылдарына жауап ретінде 2023 жылғы желтоқсаннан бері жалғасудағы АҚШ бастаған әскери операция.

2023 жылғы қазанда басталған және әлі де жалғасудағы Хамас-Израиль қақтығысына жауап ретінде Йемендегі хуситтер Қызыл теңіздегі израильдік коммерциялық кемелердің жүруіне кедергі жасады. 2023 жылғы 18 желтоқсанда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин блокаданы тоқтатуға және хуситтер байбаламаларының орындалуына жол бермеуге арналған халықаралық қауіпсіздік күштерінің құрылып қойғанын айтты.

АҚШ бастаған коалицияның құрамында дәл қазір 20 мүше-мемлекет бар. Қақтығыс орын алған аймақтағы коммерциялық транспортқа тәуелді Сауд Арабиясы мен Мысыр коалиция құрамына кірген жоқ. Франция, Италия мен Испания операцияға ат салысудан бас тартты. Суэц каналы әкімшілігінің төрағасы Усама Рабия «Суэц каналындағы транспорт қозғалысы Қызыл теңіздегі болып жатқаннан оқиғалардан зардап шеккен жоқ» деген. 10 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі хуситтердің сауда кемелеріне шабуылын тоқтату бойынша қарар қабылдады.

Қауіпсіздік Кеңесінің қарар жасаған күні хуситтер өзінің ең ірі шабуылын жасаған еді: Қызыл теңіздегі түр-түрлі халықаралық та, әскери де кемелерге дрондар жіберілді. Жауап ретінде, 12 қаңтарда коалиция Йемендегі хуситтерге қарсы өзінің тұңғыш әуе операциясын бастады, осыған болса хуситтер кек аламыз деп уәде берді.

Дереккөздер

Санат:2023 жылғы халықаралық қатынастар Санат:2024 жылғы халықаралық қатынастар Санат:2023 жылғы Йемен Санат:2024 жылғы Йемен Санат:2023 жылғы қақтығыстар Санат:2024 жылғы қақтығыстар Санат:2023 жылғы АҚШ Санат:2024 жылғы АҚШ Санат:2023 жылғы желтоқсан Санат:2024 жылғы қаңтар Санат:18 желтоқсандағы оқиғалар Санат:12 қаңтардағы оқиғалар Санат:Араб-Израиль қақтығыстары Санат:ХАМАС-тың Израильге басып кіруі (2023) Санат:Хуситтер Санат:Джо Байден президенттігі Санат:Қызыл теңіз