Лахер-Зе — Германияда жанартаудың кальдерасында орналасқан ағынсыз көл.

Дәлірек орны: Рейнланд-Пфальц жерінде, Бонн қаласынан оңтүстікке қарай 37 шақырым қашықтықта және Рейн бойындағы Андернах қаласынан 8 шақырым қашықтықта.

Кальдераның диаметрі — 2 шақырым. Ол 13 мың жылдай бұрын орын алған жанартаудың атқылауынан пайда болған. Жанартаулық белсенділік шкаласы бойынша атқылау күші 6 баллға жеткен, бұл 1991 жылғы Пинатубо атқылауына сай.Environmental impact of the Laacher See eruption at a large distance from the volcano: Integrated palaeoecological studies from Vorpommern Маңайға шашыраған жанартау күлі мен пемзаның қалыңдығы 50 метрге дейін жеткен, ал олардың іздері қазіргі Солтүстік Италия мен Ресейден табылады, дейді ғалымдар.

Көлдің максималдық тередігі — 51 метр, басқа деректер бойынша — 53 метр.

1867 және 1872 жылдары көлге ақ сақаның уылдырығы тасталған, балықтың осы түрлері көлде бүгіндері де бар.

Көлдің оңтүстік-батыс жағалауында Әулие Марияның Лаах аббаттығы орналасқан.

мини|центр|700px|Панорама Лахер-Зе Дереккөздер

Тағы қараңыз Лах (жанартау) нобай|солға|Топографиялық картада Санат:Рейнланд-Пфальц Санат:Ағынсыз көлдер Санат:Кратерлік көлдер Санат:Ұйқыдағы жанартаулар