Шыңғыс Сайранұлы Әрінов (29 қазан 1983, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, генерал-лейтенант, 2026 жылдан бастап Алматы облысының әкімі. 2024–2026 жылдары Төтенше жағдайлар министрі болған.
Білімі Әрінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясында «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бойынша білім алған.
Еңбек жолы 2006–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылы ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйектегі екінші Олжас Бектенов үкіметінің құрылуы барысында Әрінов қызметінен босатылды. Келесі күні ол Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.
Марапаттары Әрінов ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ ҚР Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды
Дереккөздер
Санат:Қазақстан төтенше жағдайлар министрлері Санат:Алматы облысының әкімдері