Маргарет Браун (), туған кездегі есімі Маргарет Тобин ( (1867 жылдың 18 шілдесі – 1932 жылдың 26 қазаны) – американдық бақуатты ханым, филантроп және қоғам белсендісі, «Титаниктің» аман қалған жолаушыларының бірі. Қайтыс болғаннан кейін оны «суға салса батпайтын Молли Браун» деп атай бастады ().
Өмірбаяны Жас кезі Маргарет Тобин Миссури штатының Ганнибал қаласында ирландтық иммигранттар Джон Тобин (1823–1899) мен Джоанна Коллинздің (1825–1905) отбасында дүниеге келген. Оның екі ағасы Даниэль (1863–1926) және Майкл (1866–1870), інісі Уильям (1869 жылы туған) және сіңлісі Хелен (1871 жылы туған) болды. Оның ата-анасының бұрынғы некелерінен үлкен әпкелері, сіңлісі Кэтрин Бриджит Тобин (1856-1932) және әпкесі Мэри Энн Коллинз (1857-1934) болды. 18 жасында ол Дэниел, Мэри Энн және Мэри Энннің күйеуі Джон Ландриганмен бірге Колорадо штатының Лидвилл қаласына көшті. Дэниелмен екі бөлмелі бөренеде тұрған соң, ол әмбебап дүкенге жұмысқа орналасты. Сол жерде шіркеудегі жексенбілік уағызда ол Джеймс Джозеф Браун (Дж. Дж.) еті тірі, білімді адамды кездестірді және 1886 жылы олар үйленді. Маргарет сүйгеніне емес, бай адамға тұрмысқа шығуды әрдайым жоспарлаған. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Ол:
Лидвиллде ол әйелдер құқықтарымен айналысып, «Колорадодағы әйелдердің сайлау құқығы тарауын» өткізуге көмектесті, сонымен қатар кеншілер отбасыларына көмектесу үшін асханада жұмыс істеді. Бірақ көп ұзамай Браун отбасының айы оңынан туды: күйеуінің қарапайым учаскесінде алтын кені табылып, ерлі-зайыптылар миллионер атанды. Олардың некесінен екі бала туды: ұлы Лоуренс Палмер Браун (1887–1949, Ганнибалда, Миссури штатында дүниеге келген) және қызы Кэтрин Эллен Браун (1889–1969, Колорадо штатындағы Лидвиллде дүниеге келген). солға|нобай|250x250 нүкте|Денвердегі қоңыр үй
Қоғамдық белсенділігі 1894 жылы Браундар Денверге көшті, онда олардың дамуы үшін көбірек мүмкіндіктер болды. Мұнда олар ұқыпты құмтаспен Колорадо лава тастан Виктория стилінде 1889 жылы салынған үш қабатты, 706 шаршы метр үйді сатып алды. Бүгінде үйде Маргареттің тұрған кезеңдегі өмірін суреттейтін көрмелер өтуде.
Титаник Маргарет немересі қатты ауырып жатқаны туралы хабар алған кезде қызы Хеленмен бірге Лондонда болған. Ол бірден штаттарға аттанды, ал Хелен соңғы сәтте Лондонда қалуға шешім қабылдады. АҚШ- қа жетудің ең жылдам жолы Титаникке билет сатып алу болатын. нобай|290x290 нүкте| Маргарет Браун капитан Артур Ростронға Титаниктің аман қалған жолаушылары атынан сүйіспеншілік кубогін береді. Сол күні кешке Маргарет кабинаға ерте оралды, ол кітапты оқып бітіргісі келді. Айсбергпен соқтығысудың күшті болғаны сонша, ол еденге құлап түсті. Барлығы кабиналардан жүгіріп шыққан, бірақ қорқынышты ештеңе болмағанына сенімді болды. Не болып жатқаны анықталған кезде, әбден кеш еді. Дүрбелең пайда болды. Маргарет адамдарды құтқару қайықтарына отырғызып, өзі отырудан бас тартты: «Ең жаман нәрсе болған күннің өзінде, мен жүзіп шығамын», деді ол. Бірақ соңында біреу оны №6 құтқару қайығына итеріп жіберді, кейін бұл қайық оны танымал етті.Titanic: A Night Remembered, Stephanie L. Barczewski, 2004, page 30 .
Қайық 65 жолаушыны сыйдыра алғанымен, іс жүзінде олардың саны 26 ғана болды. Олар жолға шыққанда кемедегі бу қазандары жарыла бастады. «Кенеттен теңіз ашылып, кемені алып қолдар қысып тұрғандай болды», - деп жазды Маргарет. 24 әйел мен екі ер адаммен құтқару қайығында отырып, ол қайықтың бригадирі Роберт Хитченспен жанжалдасып, апат орнына қайтып, суға батып бара жатқан адамдарды алып кетуді талап етті. Жолаушылардың бірі әбден жаурағанда, Маргарет оған пальтосын берді. Суық оны «әбден титықтатқанда» ол әйелдерге жылыну үшін ескектерге отырып есуге бұйырды. Төменгі таптан шыққан Молли кедейліктің не екенін жақсы білетін, сондықтан барлық әлеуметтік таптардың жолаушыларына бірдей көмектесті. Олар Карпатияға ақыры жүзіп жетті, сол жерде Маргарет қолынан ең жақсы келетін нәрсе: ұйымдастырумен айналыса бастады. Ол бірнеше тіл білетін, сондықтан әртүрлі елдерден келген жолаушылармен сөйлесе алатын. Ол олар үшін көрпе мен тамақ іздеді, тірі қалғандардың тізімін жасады және Титаникпен бірге бәрін: отбасын да, ақшасын да жоғалтқандар үшін ақша жинады. Карпатия портқа жеткенде ол аман қалғандар үшін 10 000 доллар жинады. Лайнер Нью-Йоркке келіп, журналистер Маргареттен оның сәттілігі неде деп сұрағанда, әйел былай деп жауап берді: «Браундардың әдеттегі сәттілігі. Біз өйткені суға батпаймыз!»
Кейінгі өмірі Маргарет Тобин Браун 1932 жылы 26 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Barbizon қонақүйінде 65 жасында ми ісігінен кешкі сағат 22:55-те ұйқысында қайтыс болды. 31 қазанда ол күйеуінің қасында Вестберидегі Қасиетті Крест зиратында жерленді. Жерлеуге тек отбасы мүшелері қатысты, ешқандай мадақ айтылмады. United Press, «Quiet Services Held for 'Unsinkable Mrs. Brown'», The San Bernardino Daily Sun, San Bernardino, California, Tuesday 1 November 1932, Volume 39, Section 1, Page 2.
Дереккөздер
Сілтемелер Молли Браун Titanic-Titanik.com сайтында Титаниктің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің тізімі Титаник энциклопедиясы: Молли Браунның өмірбаяны
Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері Санат:Нью-Йоркте қайтыс болғандар Санат:Титаник жолаушылары және командасы