«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ — Қазақстан Республикасының геология саласындағы ғылыми мекемелерімен бірлесіп геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділік арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсететін компания. Республикадағы геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор болып белгіленген.
Құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті өкілдік ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Тарихы Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық геологиялық қызмет құру жөнінде атап өтті.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылдың 30 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 971 қаулысымен жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық және ғылыми негізін дамыту мақсатында "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығын қайта ұйымдастыру нәтижесінде "Ұлттық геологиялық қызмет" құрылды."Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамының 2023 – 2032 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы Мекеме 2022 жылы маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті.
Қаулы негізінде ҰГҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетіне тиесілі болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 қаулысымен Геология комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 қаулысымен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып қайта құрылды.Акционер
Басшылары Жанат Кәрібаев (м.а.) 06.2022-08.2023 Ерлан Ғалиев 08.2023 бастап
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның ұлттық компаниялары