Kiss (жиі KIϟϟ ретінде стильдендірілген) — 1973 жылы Нью-Йоркте құрылған, глэм-рок және хард-рок жанрларында ойнайтын американдық рок тобы. Ол шок-рок бағытын дамытумен, қатысушылардың сахналық макияжымен, сондай-ақ әртүрлі пиротехникалық әсерлермен сүйемелденетін концерттік шоулармен кеңінен танымал. Kiss барлық уақыттағы ең ықпалды рок-топтардың бірі болып саналады. 2016 жылғы жағдай бойынша қырық бес алтын және платина альбомдары және 75 миллионнан астам сатылған жазбалар бар. 2018 жылдың қыркүйегінде Kiss 45 жылдық өнер мансабынан кейін өздерінің соңғы «End of the Road World Tour» әлем турына кірісетінін хабарлады және 2023 жылдың желтоқсан айындағы соңғы концертінен кейін тарады.
Дискография Студиялық альбомдар
Kiss (1974) Hotter than Hell (1974) Dressed to Kill (1975) Destroyer (1976) Rock and Roll Over (1976) Love Gun (1977) Dynasty (1979) Unmasked (1980) Music from "The Elder" (1981) Creatures of the Night (1982) Lick It Up (1983) Animalize (1984) Asylum (1985) Crazy Nights (1987) Hot in the Shade (1989) Revenge (1992) Carnival of Souls: The Final Sessions (1997) Psycho Circus (1998) Sonic Boom (2009) Monster (2012)
Концерттік альбомдар Alive! (1975) Alive II (1977) Alive III (1993) Kiss Unplugged (1996) Kiss Symphony: Alive IV (2003) Kiss Alive 35 (2008)
Kiss макияжы
Құрамы Соңғы құрам Пол Стэнли — басты және бэк-вокал, ритм-гитара, кейде бас-гитара (1973—2023) Джин Симмонс — басты және бэк-вокал, бас-гитара, кейде гитара (1973—2023) Эрик Сингер — барабандар, перкуссия, бэк және басты-вокал (1991—1996, 2001—2002, 2004—2023) Томми Тейер — соло-гитара, бэк және басты-вокал (2002—2023; 1989 және 1992 концерттік қатысушысы)
Бұрынғы мүшелер Эйс Фрейли — соло-гитара, басты және бэк-вокал, кейде бас-гитара (1973—1982, 1996—2002) Питер Крисс — барабандар, перкуссия, басты және бэк-вокал (1973—1980, 1996—2001, 2002—2004) Эрик Карр — барабандар, перкуссия, бэк және басты-вокал, кейде гитара және бас-гитара (1980—1991; 1991 жылы қайтыс болды) Винни Винсент — соло-гитара, бэк-вокал (1982—1984) Марк Сент-Джон — соло-гитара, бэк-вокал (1984; 2007 жылы қайтыс болды) Брюс Кулик — соло-гитара, пернелі аспап, бэк және басты-вокал, кейде бас-гитара (1984—1996)
Дереккөздер
Санат:АҚШ рок топтары Санат:АҚШ глэм-рок топтары Санат:АҚШ хард-рок топтары Санат:АҚШ хеви-метал топтары Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:Casablanca Records орындаушылары Санат:Mercury Records орындаушылары Санат:1972 жылы құрылған музыкалық ұжымдар