«Терминатор» () — 1984 жылы Джеймс Кэмерон түсірген америкалық ғылыми фантастикалық экшн-фильм. Шығарылым алдындағы төмен күтулерді жоққа шығара отырып, «Терминатор» Америка Құрама Штаттарының прокатында екі апта бойы бірінші орында болды, ақырында фильм 6,4 миллион долларлық бюджетке қарсы 78,3 миллион доллар жинады. Фильм Кэмеронның кинодағы мансабын сәтті бастап, Шварценеггердің басты рөлді орындаушы ретіндегі мәртебесін нығайтты. Фильмнің сәттілігі бірнеше сиквелдерден, телехикаялардан, комикстерден, романдардан және бейне ойындардан тұратын франшизаға әкелді. 2008 жылы «Терминатор» фильмін Конгресс кітапханасы Америка Құрама Штаттарының Ұлттық фильмдер тізілімінде сақтау үшін таңдады.

Сюжет Сюжет Әлемді өлтіруші машиналар басқаратын және адамзат жойылу алдында тұрған постапокалиптикалық болашақтан 1984 жылға келген сарбаз Кайл Риз және киборг Терминатор арасындағы қақтығысқа бағытталған. Терминатордың мақсаты: Сара Коннорды өлтіру, оның туылмаған ұлы болашақта адамзат пен машиналар арасындағы соғыста жеңуі мүмкін. Сараға ғашық болған сарбаз Кайл Риз Терминаторды тоқтатуға тырысады. Фильмде уақыт саяхаты, тағдыр, жасанды интеллект қаупі, төтенше жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мәселелері көтеріледі.

Рөлдерде

Жүлделер + Жүлде Санат Номинант(тар) НәтижеСатурнҮздік фильм Терминатор Үздік киноактёрАрнольд Шварценеггер Үздік киноактрисаЛинда Хэмилтон Үздік режиссураДжеймс Кэмерон Үздік сценарийДжеймс Кэмерон, Гэйл Энн Хёрд Үздік гримСтэн Уинстон Үздік саундтрекБрэд Фидель

Фильм сонымен қатар Авориазде (Франция) өткен Халықаралық фантастикалық кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды.

2005 жылы «Total Film» оны осы уақытқа дейін түсірілген 72-ші үздік фильм деп атады.

2008 жылы Конгресс кітапханасы мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы бар фильм ретінде Американың Ұлттық фильмдер реестріне енгізді.

2008 жылы «Empire» журналы Терминаторды барлық уақыттағы ең керемет 500 фильмнің бірі ретінде таңдады. «Empire» Сонымен қатар Т-800-ді 100 ең ұлы кино кейіпкерлерінің тізімінде 14-ші орынға қойды.

2010 жылы Independent Film & Television Alliance фильмді соңғы 30 жылдағы ең маңызды 30 тәуелсіз фильмнің бірі ретінде таңдады.

2015 жылы «Терминатор» «Өлер алдында көру керек 1001 фильм» кітабына енгізілген фильмдердің қатарында болды.

Шварцнеггердің «I’ll be back» (Мен қайтып ораламын) деген сөзі таңқаларлық фразаға айналды және AFI бойынша ең ұлы фильм цитаталары рейтингінде 37-ші орынға ие болды.

Музыка 1984 жылы стерео форматта фильмдер түсіру мүмкін болса да, бюджеттік шектеулерге байланысты «Терминатор» моно дыбысты қолдану арқылы түсірілді.

Музыка жасау үшін Брэд Фидель 1980 жылдан кейін өндірістен шыққан он дауысты «Prophet 10» синтезаторын, сондай — ақ алғашқы сэмплеррдің бірі — Fairlight CMI музыкалық компьютерін пайдаланды. «Терминатор» саундтрегі сол жылдардағы ең озық дыбыс жазу студиясында, ардагер дыбыс инженері Глен Гленн негізін қалаған «Glen Glenn Sound»-да жазылған.

Фидель музыкалық мотивті «механикалық адам және оның жүрек соғысы» туралы әңгіме ретінде сипаттады.

Дереккөздер

Санат:Джеймс Кэмерон фильмдері Санат:АҚШ ғылыми-фантастикалық фильмдері Санат:1984 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Orion Pictures фильмдері Санат:Жасанды интеллект туралы фильмдер Санат:Технологиялық әсер туралы фильмдер