Көкектің ұясыФильмге негіз болған кітаптың «Фолиант» баспасының қазақша аудармасы (, сөзбе-сөз — «Біреуі көкектің ұясынан ұшып өтті») — 1975 жылы Кен Кизи аттас психологиялық роман негізінде режиссер Милош Форман түсірген америкалық көркем фильм. Фильмде Джек Николсон психиатриялық аурухананың жаңа пациенті, ал Луиза Флетчер садист медбике рөлін сомдайды. Көмекші рөлдерде Уилл Сэмпсон, Дэнни Де Вито, Сидни Лэссик, Уильям Редфилд және Кристофер Ллойд пен Брэд Дурифтің кинодағы дебюттері.
Фильмнің премьерасы 1975 жылы 19 қарашада Чикаго кинофестивалінде өтті. Фильм ең беделді бес номинация («Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса» және «Үздік бейімделген сценарий») бойынша «Оскар» жүлдесін алған әлемдік кино тарихындағы екінші фильм болды, бұған дейін тек «Бір түнде болған оқиға» (1934) ғана бұл жетістікке қол жеткізген болатын. Сол "үлкен бестікті" ол Алтын Глобуста да жеңіп алды (кино тарихында бірінші рет).
Психиатриялық ауруханадағы драма оқиғасын баяндайтын фильм толығымен дерлік Орегон штатының ауруханасының психиатрия бөлімінде түсірілген. Көрермендер фильмді өте жылы қабылдады. Фильм АҚШ прокатында 100 миллион доллардан астам табыс тапты. Сыншылар режиссура мен актерлік шеберлікті жоғары бағалап, фильмді 1970 жылдардағы америкалық кинематографияның «жаңа толқынының» маңызды оқиғаларының бірі ретінде мойындады.
1993 жылы «Көкектің ұясы» Конгресс кітапханасы мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы бар фильм ретінде АҚШ фильмдерінің ұлттық тізіліміне енгізді.
Сюжеті 1963 жылы қылмыскер Рэндл Патрик Макмёрфи (Джек Николсон) сараптамадан өту үшін түрмеден психиатриялық клиникаға ауыстырылады. Оның артында көптеген төбелестер мен кәмелетке толмаған қызды азғыру фактісі бар. Ауруханаға түскен кезде дәрігермен әңгімелесу барысында Рэндл оның үлкен балық ұстап тұрған суретіне назар аударады.
Бөлімшеде бас медбике Милдред Рэтчед (Луиза Флетчер) орнатқан қатал тәртіп орнаған. Ол мұндай тәртіп емделушілерге көмектеседі деп есептейді. Топтық терапия сеанстары кезінде медсестра науқастарға жеке және сексуалдық өміріне қатысты сезімдерін талқылауды ұсынады. Рэндл дәрі ішуден бас тартып, медицина қызметкерлерімен үнемі ерегісіп жүреді. Ол бөлімше ішінде құмар ойындар ұйымдастырып, тіпті бейсболдан «Әлемдік серияны» тамашалау үшін науқастар арасында дауыс беру өткізеді, бірақ бас медбике бұған рұқсат бермейді. Макмёрфи өзге емделушілермен медбикені арбап аламын және душтағы ауыр мәрмәр бағананы жұлып алып, терезені қиратып қашамын деп бәстеседі. Бұл ісі оңбай сәтсіздікке ұшыраса да, ол: «Мен ең болмаса тырысып көрдім», — деп рухын түсірмейді. Осы арада ол өзін саңырау-мылқау ретінде көрсетіп жүрген «Көсем» есімді алып үндіспен достасады. Көп ұзамай Макмёрфи науқастарды ертіп, ауруханадан қашып шығады. Олар автобус пен катерді ұрлап әкетіп, теңізде үлкен балық аулап қайтады.
Дәрігерлер консилиум барысында Макмёрфидің қоғамға қауіпті екенін растағанымен, оның психикалық дертке шалдыққанына күмән келтіреді. Олар Рэндлды түрмеге қайтаруды ұсынғанымен, бас медбике Рэтчед оны бөлімшеде қалдырып, емдеуді жалғастыруды талап етеді. Кейінірек бассейнде санитар Вашингтонмен жанжалдасып қалған Рэндл маңызды жайтты ұғады: оның ауруханадан шығу мерзімі заңмен емес, тек дәрігерлердің еркімен ғана шешіледі, демек ол мұнда өмір бойы қалып қоюы мүмкін.
Кезекті топтық терапия кезінде Макмёрфи науқастардың басым бөлігі мұнда өз еркімен жатқанын біліп, таңғалысын жасыра алмайды. Осы сәтте Чесвик өзіне тиесілі темекіні талап етіп, айқай шығарады. Оған көмектеспек болған Макмёрфи терезе әйнегін сындырып, темекіні алып береді. Бұл оқиға жаппай төбелеске ұласып, нәтижесінде Макмёрфи, Көсем және Чесвик азапты электрошок терапиясына жіберіледі. Процедура алдында Рэндл Көсемнің шын мәнінде саңырау-мылқау емес екенін, оның бәрін естіп, сөйлей алатынын біледі.
Енді созбалақтауға болмайтынын түсінген Макмёрфи Көсемге бірге қашуды ұсынады. Ол түнгі ауысымдағы санитарды сатып алып, бөлімшеге таныс қыздарын шақырады да, нағыз қоштасу кешін ұйымдастырады. Алайда қашатын сәтте Билли Биббит есімді жас науқас қыздардың бірімен оңаша қалғысы келетінін айтады. Досына көмектеспек болған Рэндл уақыттың қалай өткенін және ішімдіктің әсерін байқамай қалып, бүкіл бөлімшемен бірге ұйықтап кетеді. Осылайша, оның мұқият жоспарлаған қашу жоспары іске аспай қалады.
Таңертең медбике Рэтчед бөлімшедегі бүлікті және пәктігінен айырылған Биллиді көріп, қаталдық танытады. Ол Биллиді болған жайтты анасына (Рэтчедтің жақын құрбысына) айтамын деп қорқытады. Зәресі ұшқан Билли қатты соққы алып, кінәні Макмёрфиге аударады, кейін шарасыздықтан өз-өзіне қол жұмсап (ұйқы артериясын қиып), көз жұмады. Жас Биллидің өліміне Рэтчедті кінәлаған Макмёрфи ашуға булығып, медбикеге тап береді де, оны буындыра бастайды. Алайда санитарлар оны соңғы сәтте әрең тоқтатып, Макмёрфиді алып кетеді.
Біраз уақыт өткен соң, Көсем санитарлардың Макмёрфиді бөлімшеге қайта алып келе жатқанын көреді. Досының оралғанына қуанған ол қашуға дайын екенін айтады, бірақ Рэндл ешқандай реакция білдірмейді. Жақын келіп қарағанда, Көсем оның маңдайындағы тыртықтарды көріп, досына лоботомия жасалғанын — оның санасыз «тірі өлікке» айналғанын түсінеді. Көсем Макмёрфиді мұндай мүшкіл халде қалдырғысы келмей: «Кеттік», — деп сыбырлайды да, оны жастықпен тұншықтырып өлтіреді. Содан соң ол кезінде Макмёрфидің қолынан келмеген ерлікті жасап, душтағы ауыр мәрмәр бағананы жұлып алады да, торлы терезені қиратып, еркіндікке жол тартады.
Рөлдерде
Марапаттары мен номинациялары СанатНоминант(тар)Нәтиже «Оскар» Үздік актер Джек Николсон Үздік актриса Луиза Флетчер Үздік режиссура Милош Форман Үздік фильм Майкл Дуглас, Саул Зейнц Үздік бейімделген сценарий Лоуренс Хобен, Бо Голдман Үздік көмекші актер Брэд Дуриф Үздік саундтрек Джек Ницше Үздік монтаж Шелдон Канн, Линзи Кингман Үздік операторлық жұмыс Хаскелл Уэкслер, Билл Батлер BAFTA Үздік актер Джек Николсон Үздік актриса Луиза Флетчер Үздік режиссура Милош Форман Үздік фильм Милош Форман Үздік монтаж Шелдон Канн, Линзи Кингман Үздік көмекші актер Брэд Дуриф Үздік бейімделген сценарий Лоуренс Хаубен, Бо Голдман Үздік операторлық жұмыс Хаскелл Уэкслер, Билл Батлер Үздік саундтрек Джек Ницше Үздік дыбыс
СанатНоминант(тар)Нәтиже «Алтын глобус» Үздік актер Джек Николсон Үздік актриса Луиза Флетчер Үздік режиссура Милош Форман Үздік фильм Милош Форман Үздік бейімделген сценарий Хаубен, Голдман Үздік актер дебюті Брэд Дуриф «Бодиль» Үздік еуропалық емес фильм «Сезар» Үздік шетелдік фильм Милош Форман «Грэмми» Фильм саундтрегіне негізделген үздік альбом Джек Ницше АҚШ ұлттық киносыншылар кеңесі Үздік актер Джек Николсон АҚШ сценарийшілер гильдиясының сыйлығы Үздік драмалық бейімделген сценарий «Давид ди Донателло» Шетелдік фильмнің үздік режиссері Милош Форман Шетелдік фильмнің үздік актері Джек Николсон «People's Choice Awards» Үздік фильм Милош Форман
Кейінгі тану Америка кино институты (AFI) «Көкектің ұясы» фильмін келесі рейтингтерге енгізді: 100 жыл… 100 фильм: № 20 (1998 тізімі), № 33 (2007 тізімі) 100 жыл… 100 қаһарман мен зұлым (2003): медбике Ратчед кино зұлымдарының тізімінде 5-ші орынға ие болды 100 жыл… 100 шабыттандыратын фильм (2006): № 17 АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі (1993)
Дереккөздер
Санат:Милош Форман фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:1975 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:United Artists фильмдері Санат:АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі Санат:АҚШ романдарының экрандаулары