Географиялық орны Касаи– Африкада, Конго өзені алабында, Ангола мен Конго (Киншаса) мемлекеттері аумағында орналасқан өзен. Ұзындығы 2000 км, су жиналатын алабының аумағы 880,2 мың км². Ірі салалары: оң жағынан құятын Лулуа, Санкуру, Фими (Лукение), сол жағынан құятын Кванго.
Бастауы Бастауын Лунда үстіртінен алып, оның солт. беткейлерінен ағып өтіп, Конго ойпатына шығады. Жоғасыр ағысында шоңғалдар мен сарқырамалар жиі кездеседі.
Гидрологиясы Су тасу қазаннан сәуірге дейін жүреді, жылдық орташа су ағымы 10 мың м3/с. Өзеннен балық ауланады. Сағасынан 790 км-ге дейін кеме қатынайды. Ірі су айлағы – Илебо (Конго).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер:
Санат:Ангола өзендері Санат:Конго Демократиялық Республикасы өзендері