Skibidi Toilet (сөзбе-сөз аударғанда Сикибиди әжетхана) — Алексей Герасимов жасаған және өзінің "DaFuq!?Boom!" YouTube арнасына жүктеп салған YouTube бейнелері мен шорттарының machinima веб-сериясы. Source Filmmaker көмегімен түсірілген сериал адам басқаратын унитаздар мен басының орнында электронды құрылғылар бар гуманоид кейіпкерлер арасындағы ойдан шығарылған қияли соғысты баяндайды. Бірінші қысқаметражды фильм 2023 жылғы ақпанда жарияланғаннан бері Skibidi Toilet әртүрлі әлеуметтік платформаларда Альфа буыны танымал еткен интернет-мем ретінде вирустық сипатқа ие болды. Көптеген комментаторлар сериалды Альфа буынының интернет мәдениетіне алғашқы қадамы ретінде қарастырды.
Өндірісі Skibidi Toilet сериалының авторы — 1997, не 1998 жылы туған Алексей Герасимов (DaFuq!?Boom! және Blugray аттарымен де белгілі). Герасимов 2014 жылдан бері компьютерлік анимация жасауды үйреніп жүр және дәл қазір Грузияда тұрады. Оның YouTube арнасындағы видеолары бұрын да танымалдық көрген; мысалға, оның I'M AT DIP видеосы 2023 жылғы шілдеде 45 миллионнан астам қолданушы көрді.
Веб-сериалдың жаңа эпизодтары бірнеше күн сайын шығып жатады. Видеолардың сапасы әр шыққан видеомен жақсарып келеді. 2024 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша сериал жайлы бір Мәскеу тұрғынының шағымынан кейін веб-сериалды балаларға зиян келтіреді деген айыбы үшін Ресей полициясы тергеуде.
Танымалдығы Skibidi Toilet аудиториясы негізінен 2010 жылдардың басынан кейін дүниеге келген Альфа буынына тиесілі. Сериал 13 жасқа толмаған балаларға арналған YouTube Kids қолданбасында көрсетілмегенімен, ол сонда да әсіресе бастауыш сынып оқушылары арасында танымал. Skibidi Toilet аудиториясын ойын, фантастика және өнер, сондай-ақ Альфа буынының «скибиди» слэнгі сияқты жанкүйерлік шығармашылық жасауға және жариялауға итермеледі. Слэнг TikTok интернет-мемдеріне де тарады.
Тағы қараңыз 6-7
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша мультсериалдар Санат:YouTube-тағы видеолар Санат:2023 жылы пайда болған интернет-мемдер Санат:Ойдан шығарылған соғыстар