Жаслан Хасенұлы Мәдиев (кейде Жасұлан; 13 маусым 1983 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, кәсіпкер. 2025 жылдан бастап Премьер-Министр орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі. 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы қыркүйекке дейінгі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Жастық шағы және білімі Жаслан Мәдиев 1983 жылғы 13 маусымда, Алматы қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Колумбия университетінің Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін тәмамдады. 2016 жылы Массачусетс технологиялық институтының Слоун бизнес мектебіндегі оқуын аяқтады. Мамандығы — экономикалық саясатты басқару.

Еңбек жолы Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007–2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.

2008 жылы Президент Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.

2009–2010 жылдары — «Kazyna Capital Management» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010–2014 жылдары — Қазақстан Даму Банкінің басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

2014–2015 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017–2019 жылдары — Қазақстан темір жолы вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.

2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылғы қазаннан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет етті.

2022—2024 жылдары «Binance Kazakhstan» криптовалюталық биржасының бас менеджері болды.Глава Binance Казахстан: о договоренностях с банками, криптокарте и влиянии иска CFTС на бизнес

2024 жылғы 6 мамырда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

2025 жылғы 18 қыркүйекте президент Тоқаев жарлығымен министрлік атауы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып өзгертілді. 29 қыркүйекте Қазақстан Президентінің №1019 жарлығымен ол Премьер-Министр орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

Отбасы Жұбайы Майра Тұрғанова (1985 жылы туған) 2021 жылғы дерек бойынша «Бәйтерек» холдингінің корпоративтік хатшысының қызметін басқарған.Соответствовать передовой практике корпоративного управления 2010 жылы туған Айсұлтан, 2012 жылы туған Ибрахим, 2015 жылы туған Мәриям атты балалары бар.Мадиев Жаслан Хасенович

Қайын атасы Дүйсенбай Тұрғанов (1959 жылы Атырау облысында туған) — Атыраудың бұрынғы әкімі, 2021–2026 жылдары «Аманат» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаты.«Менің қайын атам – депутат»: цифрлық даму министрінің қызметіне Тұрғанов араласты ма Қайын атасының бажасы Ерлан Қошанов (1962 жылы туған) — 2022–2026 жылдары Парламент Мәжілісінің және «Аманат» партиясының төрағасы.Борец с иждивенчеством и ленью: чем известен новый спикер мажилиса Ерлан Кошанов

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан цифрландыру министрлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Колумбия университеті түлектері Санат:Массачусетс технологиялық институты түлектері