Дэвид Кепп (, ; 9 маусым 1963 жыл, Висконсин) — америкалық сценарийші, продюсер. Жалпы табысы 2.3 миллиард доллардан асатын ол — кассалық түсімдері бойынша АҚШ-тың ең табысты сценарийшілерінің жетіншісі. Юра кезеңінің саябағы (1993), Карлито жолы (1993), Орындалмайтын міндет (1996), Өрмекші-адам (2002), Индиана Джонс және хрусталь бассүйек патшалығы (2008) сияқты фильмдер үшін белгілі.
Өмірбаяны Жастық шағы және білімі Кепп Висконсин штатының қаласында билборд компаниясына иелік ететін Дональд Кепптің төрт баланың кенжесі ретінде дүниеге келген. Анасы терапевт болған.
Бастапқыда актёр болу үшін алдымен Миннесота университетінде бір жыл, содан кейін Висконсин-Мэдисон университетінде екі жыл оқыды да, 1984 жылы Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің (UCLA) кино мектебіне оқуға түсті. Ол 1990 жылы ол сол университетте кино саласында бакалавриат дәрежесін алды.
Мансабы Кепп 1988 жылы Мартин Донованмен бірге өзінің алғашқы «» фильмінің сценарийін жазды. 1992 жылдан бастап ол атақты режиссер Стивен Спилбергпен (оның блокбастерлеріне сценарий жазды: «Юра дәуірінің саябағы» (Майкл Крихтонмен бірге I және II бөлімдері), «Әлемдер соғысы» және «Индиана Джонс және хрусталь бассүйек патшалығы»). Ол сонымен қатар Брайан Де Пальманың «Карлито жолы», «Миссия мүмкін емес» және «Жылан көздері» фильмдерінің сценарийшісі болды. Екінші толықметражды режиссерлік жұмысы Гран-при алған «Жаңғырық дыбысы» фильмі болды.
Фильмографиясы +ЖылФильміРежиссёріСценарийшісіПродюсеріҚосымша19881990Неге мен?Қараңғы періштесіЖаман ықпал1991Ойыншық сарбаздар1992Өлім оған келеді1993Юра кезеңінің саябағы Карлито жолы1994ГазетКөлеңкеСезіктіҚысқаметражды1996Миссия мүмкін емесМылтық тартпасының эффектісі1997Юра кезеңінің саябағы: Жоғалған әлем1998Жыланның көздері1999Жаңғырық дыбысы2002Қорқыныш бөлмесіӨрмекші-адам2002-2004ТаксийшіТелесериалАвторы және атқарушы продюсері (39 бөлім)Сценарийшісі (2 бөлім)2003СаспенсТелефильм2004Құпия терезеБәрі төмен түседіҚысқаметражды2005Әлемдер соғысыЗатура: Ғарыштағы оқиға2008Индиана Джонс және хрусталь бассүйек патшалығы»Елестер қаласы2009Періштелер мен жындар2011Кішкентай паровоздың бастан кешкеніАнимация2012Жедел жеткізу2014Джек Райан: Аласапыран теориясы2015Мордекай2016Инферно2017Мумия2020Кеткенің дұрыс2022Кими2023Индиана Джонс және тағдыр дөңгелегі2024Бар болу2025Юра кезеңінің әлемі 4
Дереккөздер
Санат:Қорқынышты фильмдердің кинорежиссёрлары Санат:Калифорния университеті, Лос-Анжелес түлектері