Fallout — постапокалиптикалық әлемде орын алатын видео ойындардың медиа франшизасы. Негізін Тим Кейн мен Леонард Боярский Interplay Entertainment компаниясында жұмыс істеп жүргенде ойлап тапқан. Fallout әлемінде орын алатын оқиғалар ХХІ, ХХІІ және ХХІІІ ғасырларды қамтиды. Франшиза ретроспективті болашақтың атомдық панк жанрында жасалған. Бұл идеялардың қалыптасуына 1950 жж. АҚШ-ғы соғыстан кейінгі мәдениет пен атомдық соғыстың қорқынышы әсер еткен. Сериядағы басты идеялардың бірі - адамзатқа технология сыйлайтын үміт пен жақындап қалған атомдық жойылу қаупі.
Сериядағы алғашқы өнімді Fallout атымен 1997 жылы Black Isle Studios шығарған. Келесі жылы Fallout 2 сиквелін шығарды.
Франшизаның жалғасы ретінде 2024 жылдың 10 сәуірде Amazon Prime-да Fallout телевизиялық сериялы жарық көрді.
Ойындар Негізгі серия Fallout (1997) — MS-DOS, Windows, Mac OS, macOS Fallout 2 (1998) — Windows, macOS Fallout 3 (2008) — PlayStation 3, Xbox 360, Windows Fallout: New Vegas (2010) — PlayStation 3, Xbox 360, Windows Fallout 4 (2015) — PlayStation 4, Xbox One, Windows, PlayStation 5, Xbox Series X/S
Спин-оффтары Fallout Tactics: Brotherhood of Steel (2001) — Windows Fallout: Brotherhood of Steel (2004) — PlayStation 2, Xbox Fallout Shelter (2015) — Android, iOS, PlayStation 4, Xbox One, Windows, Nintendo Switch Fallout 76 (2018) — PlayStation 4, Xbox One, Windows
Дереккөздер
Санат:Видео ойындар