«Студент қыздар» — Сабыр Мәмбеевтің 1959 жылы салған суреті.
Мұнда табиғат аясында кітап оқып жатқан екі студент қыз бейнеленген. Олар Алматының тау бөктеріне, тыныш жерге келіп, төсеніш жайып, сабақтарына дайындалып жатқан сыңайлы. Жайбарақат жүздері және тік келбеті, сондай-ақ қоршаған ортаның еш заманға келістірілмей салынғаны суретке импрессионистік сипаттан гөрі метафоралық мағына бергендей: бұл жастар назарларын жарқын болашаққа қарай аударған сияқты болып көрінеді.М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты: 100 шедевров искусства Казахстана . Алматы, 2013.
1964 жылы Сабыр Мәмбеев осы суреттің тақырыбын жалғастыратын «Емтихан алдында» атты суретін салады (өлшемдері 106x100 см). Онда екі студент қыз бөлменің ішінде бейнеленген.Санжар Сырғабаев. Түстер және реңктер — «Жас Алаш», 18.05.2024.
Дереккөздер
Санат:Сабыр Мәмбеев суреттері