Исламдық Иран қатысу майданы (, Jebheye Mosharekate Iran-e Eslaami) — Иранда болған реформистік саяси партия.

Исламдық ақылдастық кеңестің 6-сайланымында партия 290 мандаттың 189 (65%) ие болды.

Жасыл қозғалыстың наразылығынан кейін ол лицензиясынан айырылды да, партияның сайлануына тыйым салынды.

Тарихы 1998 жылдың соңында негізі қаланған Исламдық Иран қатысу майданының негізгі ұраны «Барлық ирандық үшін Иран» (). Әлі күнге дейін Иранның мемлекеттік діні болған Исламды қолдағанымен, партия Ирандағы демократияны қолдаушылардың бірі болған. Алайда майданның кейбір мүшелері әртүрлі фракциялар мен идеологияларға жататын, Сейіт Хаджджариян сипаттағандай бұл «екі Аббастың партиясы» (, оңшыл Аббас Дуздузани мен солшыл арасындағы алшақтық жайлы сөзі) болған.

2004 жылы Сақшылар кеңесі Мұхаммед-Реза Хатамиге Елахе Кулаи, Моһсен Мирдамади және Әли Шакури-Рад сияқты басқа да танымал мүшелермен бірге парламент сайлауына қатысуға тыйым салды.

2009 жылғы сайлаудан кейінгі наразылықтардан кейін үкімет 2010 жылғы сәуірде партияның жұмысын тоқтатты. 2010 жылғы 27 қыркүйекте Бас прокурор баспасөзге партияның таратылғанын және ешқандай қызметпен айналысуға рұқсат етілмегенін хабарлады. Партия мұндай сот үкімі туралы хабарлама алмағанын, сондықтан оны орындау мүмкін еместігін жариялады да, аппеляция жариялайтынын айтты. 2011 жылғы қарашада Ішкі істер министрлігі партияның лицензиясынан айырылғандықтан 2012 жылы сайлана алмайтынын мәлімдеді.

Белгілі мүшелері Мұхаммед-Реза Хатами Сейіт Хаджджариян

Дереккөздер

Санат:1998 жылы Иранда пайда болғандар Санат:Иран тыйым салынған саяси партиялары Санат:Ирандағы реформистік саяси топтар Санат:1998 жылы құрылған саяси партиялар Санат:Исламдық партиялар