Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай (19.10.1951 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында туған. Журналист, ҚР Мәдениет қайраткері.
Өмірбаяны Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай 1951 жылы 19 қазанда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Көкдөнен ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын аудандық газеттен бастап, кейін әр жылдары республикалық қоғамдық-саяси «Халық кеңесі» газетінде жауапты хатшы орынбасары, жауапты хатшы болып қызмет істеді. 1996 жылы «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналына ауысып бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды. Сонымен қатар балаларға арналған «Алақай-Балақай» журналының және «Бас қатырғыш» газетінің бас редакторы болды.
Дереккөздер
Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар Санат:Журналистер Санат:Қазақстан журналистері