+Бергамаск Сюитасыжазған: Клод ДебюссиКаталогL. 5Жазылу барысы1890-1905 жылдарЖарияланған кезі1905 ж., Париж, ФранцияБөлімдері4 Бергамаск Сюитасы - Клод Дебюссидің фортепианоға арналған сюитасы. Ол оны шамамен 1890 жылы, 28 жасында жаза бастады, бірақ оны 1905 жылы cюита жарияланар алдында айтарлықтай өзгертті Осы сюитаның үшінші бөлімі, «Ай Сәулесі» композитордың ең танымал фортепиано шығармаларының біріне айналып, сонымен қатар дүние жүзіндегі ең танымал музыкалық шығармалардың бірі болдыGuo, Shulin. A Study of Claude Debussy's Suite Bergamasque: Prelude, Menuet, Clair de Lune and Passepied . Diss. University of Kansas, 2019. Web. 19 May 2020.
Тарихы Дебюсси бастапқыда (1890) бұл фортепианолық шығарманың ерте нұсқасын жарыққа шығарғысы да келмеді, өйткені ол әлі толықтай жетілмеген еді, бірақ 1905 жылы, Дебюссидің он бес жыл ішінде алған даңқын ескере отырып, баспагер аталған шығарма сәтті болады деп есептеп, композитордың сюитаны жариялау ұсынысын қабылдады. 1890 жылдан бері шығарманың 15 жыл ішінде қаншалықты өзгергені белгісіз болса да, Дебюсси шығармадағы кем дегенде екі өлеңнің атын өзгерткені анық. Сол өлеңдер ішіндегі "Пәсепиед" алғашында "Паван" деп аталған, ал "Ай Сәулесі" бастапқыда "Променаде Сентиментале" деп аталды. Бұл атаулар Пол Верленнің өлеңдерінен бастау алады.. Осы шығармадағы үшінші бөлімінің атауы Верленнің "Ай Сәулесі" поэмасынан алынған.
Сюита Құрылымы Бергамаск Сюитасы төрт бөлімнен тұрады:
Бастауы Менуэт Ай Сәулесі (Clair de lune) Пәсепиед
Бастауы Сюитадағы бірінші бөлім Фа мажор тональдігінде жазылып, модерато қарқыны рубато ретінде белгіленген. Оның легато бөлімдері тыңдаушыға жеңіл, ағынды сезімді береді.
Менуэт Екінші бөлімі минорда жазылған. Барокко минуэтінің артикуляциясын басынан бастап қайталаудың орнына, Дебюсси бірінші өлшемдердің төмен ырғақ екпінінен бас тартады. Дебюссидің өлеңі жеңіл, нәзік ноталары оған арабеск сипатын береді.
Ай Сәулесі нобай|Шығарманың ортаңғы бөлігінің басы Үшінші бөлім Ре мажорда жазылды. Ол 9/8 өлшемінде жазылған және "Анданте Трес Прессиф" деп белгіленген.
Пәсепиед Соңғы бөлімі Фа-диез минорда жазылып, "алегретто ма нон троппо" деп белгіленген. Пәсепиед - Британиядан шыққан бидің түрі. Бұл өлең жылдам және жеңіл, пианинода ойнаған кезде сол қол үздіксіз квавер немесе сегізінші нотаны ойнайды.
Дереккөздер
Қосымша Сілтемелер
Бергамаск Сюитасы: "Ай Сәулесі" осы жерде ағылшын тілінде оқыңыз www.wikisource.org Suite bergamasque Cantorion.org-та қараңыз