Мұрат Улькер (; 21 наурыз 1959 ж.) — қырым татарларынан шыққан түрік кәсіпкері, кондитер, орталық және шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыс пен Африкадағы ең ірі азық-түлік компаниясы Yıldız холдингінің басқарма төрағасы. Yıldız құрамында Godiva Chocolatier, Pladis және Sok сияқты компаниялар бар. 2018 жылы Улькер 4,8 миллиард долларды құрайтын жеке байлығымен Түркиядағы ең бай кәсіпкер атанды.
Өмірбаяны
Алғашқы жылдары және білімі Мұрат Улькер 1959 жылы 21 наурызда Түркияның Ыстанбұл қаласында «шоколад патшасы» Сабри Улькер мен оның әйелі Гюзиде Иманның отбасында дүниеге келген. Ыстанбұлдағы Эркека Лизеси орта мектебінде оқып, Босфор университетін іскерлік басқару мамандығы бойынша бітірген. 1982 жылы Америка нан пісіру институтында (AIB) және Германияның кондитерлік өнеркәсібінің Орталық техникалық мектебінде (Zentralfachschule der Deutschen Süßwarenwirtschaft, ZDS) шетелде оқыды. Содан соң АҚШ-тағы Continental Baking компаниясында тағылымдамадан өтті. Улькер сонымен қатар Халықаралық атқарушы қызмет корпусының түрлі жобаларына қатысқан.
Yıldız холдингтегі мансабы 1984 жылы Улькер Yıldız холдингінің құрамына кіретін Ülker компаниясына бақылау координаторы ретінде қосылды. Одан кейінгі жылдары бас директордың кәсіпорындар бойынша көмекшісі, кейін бас директор қызметін атқарды. 2000 жылы Улькер Yıldız холдингінің атқарушы директоры болды, ал 2008 жылы ол бас директор қызметін атқарды. Оның төрағалығымен Yıldız кәсібін кеңейтіп, бірнеше сатып алулар жасады, соның ішінде 2008 жылы GODIVA Chocolatier және 2014 жылы United Biscuits бар. 2016 жылы Yıldız өзінің үш брендін біріктіретін pladis атты жаңа жаһандық ұйымды құрды: Ülker, United Biscuits және DeMet's Candy Company.
Қайырымдылықпен айналысуы 2009 жылы Улькер отбасы азық-түлік тұтыну саласында қоғамдық денсаулықты нығайтуға бағытталған Сабри Улькер қорын құрды.
2014 жылы Улькер отбасы 24 млн. доллар Гарвард университетінің пайдасына жұмсадыhttps://www.hsph.harvard.edu/news/press-releases/harvard-receives-gift-for-metabolic-disease-research/. 10 жыл бойына тараған қаржыландыру Т.Х. Чан атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Сабри Улькер» қоректік заттар, генетикалық және метаболикалық зерттеулер орталығын құру үшін берілді. Орталық қант диабеті және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға көмектесу үшін созылмалы және күрделі ауруларға бағытталған.
Улькер 1993 жылы «Улькер» баскетбол клубын құруға атсалысты. Клуб алты рет Президент кубогын, үш рет Түркия кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ Улькер Еуролига Кубогы мен Корач Кубогының ширек финалына дейін жетті. Улькер Фенербахче Шүкрү Сарачоглу стадионының атау құқығын он жыл бойы сатып алды. Сондай-ақ Улькер спорт аренасына демеушілік жасады. Кәсіпкер бұрын басқа футбол клубтарын қолдаған, бірақ кейін демеушілік қызметін тоқтатқан.
2014 жылы Улькердің қаражатына әкесі мен атасы, осы мешіттің соңғы имамы Девлет-қажы Ислам шыққан ауылдағы Корбек Джами собор мешіті қалпына келтірілді.
Мұрат Улькер – өнер коллекционері. 2012 жылы оның қолдауымен Ыстанбұлда қазіргі түрік суретшілерінің жұмыстарының көрмесі өтті.
Жеке өмірі Мұрат Улькер үйленген, үш баласы бар, қазіргі таңда Ыстанбұлда тұрады.
Дереккөздер
Санат:Түркия кәсіпкерлері Санат:Түркия кондитерлері