Жүкешев Қанағат (Жүкешев Қанат Мұратбекұлы) — тарихшы, философ, әлеуметтанушы, лингвист. Философия ғылымдарының кандидаты (1997 ж.), қауымдастырылған профессор ҚазСТА (2017 ж.).

Өмірбаяндық мәліметтер: 1946 жылы 27 желтоқсанда ауқатты жекеменшік иесі, жаз жайлауы Тарбағатай мен қыс қыстауы Майлы-Жәйірді мекендеген, Жүкеш немересі Мұратбек Қанапияұлы мен Жаметай Мәткәрімқызының отбасында, Барлық тауының асуында, көш үстінде дүниеге келген.

Қазақ. Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Арыс (Қарақұрсақ) руынан. Қалтай батырдың ұрпағы. Ата-бабалары: Арыс-Қарақұрсақ (қалмақтар қырып кеткен Арыс руының жұртында, төңкерілген қазан астынан табылған бала. Содан Қаракұрсак аталып кеткен.) – Қалтай – Ырсымбет – Найман – Жүкеш – Қанапия – Мұратбек – Қанағат.

Шешесінің тегі: Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Тоғас руынан. Ата-бабалары: Қызыл би, Мыңбай би – Сасан би – Темірбек – Бәжікен – Мәткәрім – Жаметай (Гүлжәмила).

1962 жылы Мұратбектің отбасы Кеңестер Одағына – Семей облысының Новопокров ауданына қоныс аударды.

1964-1967 жылдары Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық училищеде оқыды.

1967-1969 жылдары Кеңес армиясында қызмет етті.

1969-1971 жылдары Абай атындағы Семей облыстық драма театрында актерлік қызмет атқарды.

Педагогикалық-оқытушылық қызметі: 1972-1977 жылдары Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітіріп, тарих және қоғамтану мамандығын алып шықты.

1972-1995 ж.ж. Семей облысы мен Семей қаласының оқу орындарында мамандығы бойынша жұмыс істеді.

1996-2007 ж.ж. Алматыда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында аға ғылыми қызметкер – жетекші ғылыми қызметкер міндеттерін атқарды.

2008 жылдан бері Қазақ спорт және туризм академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында аға оқытушы, қауымдастырылған профессор сапасында философия пәнінен сабақ береді.

Ғылыми-шығармашылық қызметі: Қ.Жүкешев 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 5 оқулықтың, 14 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Ғылыми жұмыстары негізінен төрт бағытта жүзеге асырылып келеді.

Біріншісіне әлеуметтік-психологиялық бағыттағы  зерттеулері жатады. 1997 жылы ҚР Білім беру министрлігі-Ғылым академиясының Философия институтында «Қазақстан қоғамы трансформациясы жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары» тақырыбында 09.00.11 – «әлеуметтік философия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Ұлттық психология мен менталитетті зерттеген еңбектерінде олардың ұқсастықтары мен нақты айырмаларын ажыратып берді.

1984 жылы қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Қалаға неге қырын қараймыз» атты сыни мақаласы Қ.Жүкешевтің Республикалық баспасөзде бірінші көрінуі болып табылады. Мақала «қазақ ауылда тұрып, мал бағумен айналысуы керек. Қалаға қоныстана бастаса, ұлт ретінде жойылып кетеді» деп есептейтін жазушы қауымды дүр сілкіндірді. Осы жыл бойы жазушы қауым автордың басына әңгіртаяқ ойнатумен айналысты.Ұлттық психологияның сипаты // ҚР Бiлiм министрлiгi РБК, 1993., 196 б.;Менталитет и национальная психология // Мысль, 2006, № 6. С. 17-21. т.б.

Екінші бағыт: Қ.Жүкешевтің орта мектепке арнап дайындаған оқулықтары мен ОӘК қамтиды. Ол тәуелсіз Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 9-11 сыныптарға арналған екі жаңа пәннің – «Қоғамдық білім негіздері» мен «Құқықтанудың» негізін қалады. Аталған пәндердің білім құрамы мен мазмұнын анықтап, жүйелеп, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын жасады. Авторлар ұжымын ұйымдастырды. Негізгі мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақстан тарихын» жазуға белгілі академиктер Манаш Қабашұлы Қозыбаев пен Кеңес Нұрпейіс, «Адам. Қоғам. Құқық» оқулығын жазуға академик Ғ.Сапаргалиев пен әдіскер Г.Асанбекова тартылды. Оқулықтармен қоса, пәннің оқу-әдістемелік кешендері қатар дайындалды.

Ол өзі құрған авторлар ұжымымен бірге, 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Адам. Қоғам. Құқық» оқулықтары мен ОӘК дайындады.

Үшінші бағыт - философия: «Заманауи өркениеттер дамуының рухани негіздері» – 2007 жылы философия ғылымдарының докторы дәрежесін алуға Қ.Жүкешев дайындаған диссертация тақырыбы осылай аталды.

Қоғамды прогресс жолына түсіру амалдарын табу қиын емес. Бұл мәселе Батыс философиясында жеткілікті зерттелген. Диссертант еңбегінде қоғамның адамгершілік-моральдық бейнесіне баса зер салады. Платонның руханиятын, И.Канттың максималарын, Г.Спенсердің «адамша өмір сүру» қағидаларын бетке ұстай отырып, автор Қазақстан қоғамының рухани ахуалына дүниежүзілік тенденциялар астарында талдау жасады. Содан, қоғамды билеушілердің адамгершілік-моральдық абрисі өз деңгейінде болуы, соның нәтижесі ретінде, қоғамда қабылданған заңдылықтардың қатал сақталуы прогрес кепілі бола алады деген қорытынды шығарды.

Барлық процедуралардан өтіп, қорғауға шығатын күннің алдында қазақ филологтарының үлкен тобы жоғары инстанцияларға шағымданып, шу көтерді. Диссертацияда қазақ тілін мемлекеттік мәртебесіне лайықты қызметін атқаруға дайындау қажеттігі айтылған тарау болатын. Қазақ тілі кезінде экономикалық айналыстан шеттетіліп, стихиялы ағысқа жіберілген, ғылым тарапынан бақылаудан тыс қалған, соның салдарынан,  синтаксистік құрылымы бұзылып, терминдері мен ұғымдары тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да былыққан, қателерге малшынған күйге түскен болатын. Аграрлы қоғамның түкпірінде жойылуға бет алған тілді, бірден индустриялы қоғамда ресми ақпаратты жеткізуге жұмсауға болмайтын еді. Қазақ тілі заманауи өркениетті қоғамның қойнауларында болып жатқан құбылыстар мен үдерістерді жеткізуге дайын емес болатын.

Құбылыстың мәнін түсінбеген филолог атаулы, «қазақ тілінің байлығы кез келген ақпаратты жеткізуге жетеді, тек шенеуніктер ана тілінде сөйлеп, басқаға үлгі көрсетсін. Президент оларды қазақша сөйлеуге мәжбүрлесін» деген «қағиданың» соңынан түсіп алып, 30 жыл бойы дүйім жұртты құр дүрліктіріп келді.

Ол кезде формациялар ауысуы тудырып отырған тілдік проблемаларды тереңінен түсіне алатын маман филологтарды қойып, философтар арасынан да шыққан жоқ. Тіл проблемасы ғылымдар интеграциясында шешілуі керек, тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажет болатын. Мұндай ұсыныстарды қабылдай алмаған отандық филологтар, академик Ә.Қайдаровтың ұйымдастыруымен, диссертантқа қарсы шабуылға шықты. Тұжырымды конструктивті талқылауды кейін ысырып қойып, олар бірден Парламентке дейін барып, саяси шешім шығаруды – Қ.Жүкешевті отаннан қууді талап етті.

Диссертация қорғалмай қалды. ҚазСТА-ның баспасы "Заманауи өркениеттердің дамуының рухани негіздері" деген бұрынғы атауымен студенттер мен магистранттарға арналған оқу құралы ретінде басып шығарды (2024).Қ.Жүкешев. Заманауи өркениеттер дамуының рухани негіздері. А.: ҚазСТА, 2024. 13,5 б.т.Философия: Философиялық емес факультеттердің студенттеріне арналған оқулық. Алматы: ҚазСТА, 2017. 10 б.т.

Төртінші бағыт мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін қамтиды. Базалық мамандығы тарих, диссертациялық зерттеу бағыты философия бола тұра, Қ.Жүкешев, 2007 жылдан кейінгі кезеңде, ойластырып қойған жоспарларын кейін ысырып тастап, мемлекеттік тіл мәселесін зерттеуге ауысты. Оның өзіндік себептері болды.

Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру академиясында оқулықтармен айналысып жүргенде, ол қазақ тілінің мейілінше мүшкіл күйінің куәсі болды: тіл контентінің тұрмыстық стильде ғана беріліп, аномалияға малшынған күйін көрді. Оқулықтар мен ОӘК, авторлық жазбалар да синтаксистік қателерге тұнып тұрды. Аударма үдерісі (оқулықтар екі тілде дайындалатын) қазақ тілі сөздіктерінің сапасы саналы адам төзгісіз күйде екендігін әшкерелеп берді. Қ.Жүкешевтің тілді түзеп алмай, ұлттың руханиятын алға бастыру мүмкін емес екендігіне көзі жетті. Ол мұндайға шыдап жүре беруге болмайды деген қорытындыға келді.

Формациялар ауысып, қоғам тарихи бетбұрыс жасап жатқан, өтпелі кезеңде тығырықтың себебін, тілді ғылыми амалдармен дамыту жолдарын көре алатын күш елде болмады (қазір де жоқ). Тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажеттігін түсінуге ешкімнің зердесі жетпеді. Отандық филологтар аграрлы қоғамда экономикалық айналыстан шеттетіліп, ауылда, тұрмыс шеңберінде қамалып қалған, синтаксистік жүйесі әбден бұзылған тілді бірден индустриялы қоғамда ресми ақпарат жүргізуге пайдалану мүмкін болмайтынын ескермеді. Кеңес кезінде қазақ тілін жою шараларына атсалысқан, оны айналыстан ығыстырып шығару амалдарын зерттеген, тапқан, жүзеге асырып келген қазақ филологтары, тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде де, теріс бағыттарынан қайтқан жоқ. Кеңестік тілдерді жою саясатын айыптамады, одан біржола бас тартатындықтарын мәлімдемеді. Бұрынғыша, тілдің түпкілікті мүддесіне қайшы әрекеттерін жалғастыра берді.

Қазақ баласы ұлттық аурасы тұнып тұр деп саналатын, туған үйінен тіл біліп шықпайды. Балабақша сәбиге тіл үйрете алмайды. Мектеп арнайы бағдарламамен, оқулықпен, әдістеме қолданатын мұғалімнің күшімен, бағамен ынталандырып, регламенттеп оқытып бағдарламалық мәтінді меңгерте алмайды. Ауыл мектебін, сонан кейін, ЖОО-ны қазақша бітіріп, өндіріске келген маман бірден орысшаға ауысып кетеді. Сөздіктер қателерге тұнып тұр. Оқулықтың оңғаны болмады, қазір де жоқ. Қазақтілді филологияда мектеп оқулықтарын түзей алатын күш жоқ. Толыққанды қазақтілді орта жоқ. Қазақ тілінде заманауи азаматтың талғамына татитын, оның тілін үйренуге ұмтылысын жебейтін контент жоқ. Мұның салдары Қ.Жүкешевке іс жүзінде қазақтілді филология деген ғылым жоқ,  филологияның атын жамылған паранаука бар деген қорытынды шығаруға итермелеген болатын.

Паранауканы жасап отырған псевдоғалымдармен кездесіп, өзекті тақырып талқылау мүмкін емес. Өйткені, олар озық лингвистикаларда қолданылатын ғылыми аппаратпен таныс емес. Олар әдеби тіл, оның критерийлері; тілдің стандартталуы; жалпыхалықтық тіл; тілдің семантикалық жүйесі; тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігі; тіл контентінің сапасы және оның тіл үйренуге мұқтаждық тудыру қабілеті; ареалды лингвистика, корпустық лингвистика, когнитивтік лингвистика, т.б. тақырыптарда талқылау жүргізуге дайын емес. Терминдердің мағынасын түсінбейді. Тіл стилистикасы сонау кеңестік оқулықтардың өзінде теріс түсіндіріліп келген болатын. Қазір де тіл стильдерінің ажыратылуы ғылымилықтан аулақ, үстірт тәпсірленген, мысалдармен, жаттығулармен тәптіштелмеген. Сондықтан, тіл қолдану кеңістігінде ешкім ресми стиль талаптарын сақтап сөйлей алмайды.

«Тіл философиясы» (2021 ж. 4 қарашада) республикалық онлайн-семинарда талқыланды. Оған қатысқан 38 дәрежеленген филологтар толық құрамымен, бір ауыздан кітапта келтірілген идеялар мен тұжырымдарға қарсы шықты. Жазбаша пікір бергендердің ешқайсысы конструктивті пікір айта алмады. Өйткені, олардың өздері ғылымнан аулақ, сөйлемін синтаксистік талаптар тұрғысынан дұрыс құрып, ойын жеткізе алмайтын адамдар болып шықты. Бір профессор 3 беттік ғылыми сараптамасында 48 қате жіберген еді. Тұтас салада ахуалдың осылай өрбіп отырғанын түсінетін ешкім жоқ. Бір ескерерлігі, автордың осы айыптауларына қарсы шығып, ғылымды, ғалымдық аттарын, намысын қорғауға шығатын ешкім тағы болмады.

Отандық филологтар қазіргі таңдағы қазақ тілін дамытудың бірден бір ғылыми, перспективалы жолын көрсетіп берген Президенттің нұсқауын орындамай отыр. Қ.-Ж. Тоқаев «тіл мәселесіне «ғылыми тұрғыдан келу,.. қазақ тіліне реформа жасау,.. тілімізді модернизациялау керектігін» ескерте келіп, бұл трендті жүзеге асыру үшін «еуропа елдерінің тәжірибелеріне сүйену керектігін» айтқан болатын.Қ.-Ж. Тоқаев. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде сөйлеген сөзі. 27. 05. 2020 жАлайда, содан бері бұл бағытта ешқандай жылжу болған жоқ. Мұны ел Президенті ұсынған бағыттарға қарсы ұйымдасқан ұжымдық саботаж ретінде бағалауға болады.

«Тіл философиясы» кітабында дүниежүзінің алдыңғы қатарлы лингвистикаларының тәжірибелеріне сүйене отырып, автор қазақ тілін индустриялы қоғамда әмбебап қолданылатын тіл ретінде дамытудың ғылыми жолдары ұсынады. Ол мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:

- қазақ тілін стандарттау үдерісінен өткізу;